«Халықаралық балалар кітабы күні» аясында өткізілген іс-шара
«Халықаралық балалар кітабы күні» аясында өткізілген іс-шара туралы
МӘЛІМЕТ
«Халықаралық балалар кітабы күні» аясында мектептің «Өзін-өзі басқару» ұйымының мүшелері мектеп кітапханасын насихаттау мақсатында бейне сюжет дайындады. Іс-шара барысында оқушылар кітапхананың тыныс-тіршілігімен таныстырып, кітап қоры, оқу бұрышы және оқушыларға ұсынылатын көркем әдебиеттер туралы ақпарат берді. Сонымен қатар кітап оқудың маңыздылығы, кітапханаға ұқыпты қарау және бос уақытты тиімді пайдалану жөнінде ой бөлісті. Дайындалған бейне сюжет арқылы оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, кітапхана жұмысына назар аударту және рухани-мәдени құндылықтарды дәріптеу мақсат етілді.
Өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен өткізілген бұл шара оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттырып, кітапқа деген сүйіспеншілігін нығайтуға өз үлесін қосты.
Аталған шара мектеп оқушылары арасында кітап оқуды насихаттап қана қоймай, кітапхананың білім мен тәрбие берудегі маңызын кеңінен танытуға ықпал етті. Болашақта осындай танымдық және тәрбиелік мәні зор іс-шаралар жалғасын табатын болады.