"Шын жүректен кітап сыйла" тақырыбында мектепішілік челлендж » Жетісу облысы Көксу ауданы М.Құрманов атындағы №2 орта мектеп
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Медеубай Құрманов атындағы №2 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Шын жүректен кітап сыйла" тақырыбында мектепішілік челлендж
11
февраль
2026

"Шын жүректен кітап сыйла" тақырыбында мектепішілік челлендж

«Медеубай Құрманов атындағы №2 орта мектеп» КММ

«Балалар кітапханасы» жобасы аясында: «Шын жүректен кітап сыйла!» тақырыбында мектепішілік челлендж өткені бойынша

АНЫҚТАМА


Ақпан айының жоспарына сәйкес «Балалар кітапханасы» жобасы аясында оқушылардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру, рухани-адамгершілік тәрбиесін қалыптастыру және мектеп кітапханасының қорын байыту мақсатында «Шын жүректен кітап сыйла!» атты мектепішілік челлендж өткізілді. Іс-шараға барлық сынып оқушылары қатысып, өздерінің сүйікті кітаптарын мектеп кітапханасына сыйға тартты. Челлендж барысында оқушылар кітаптың мәні мен оқуға деген қызығушылықтың маңыздылығын түсіндіріп, кітапты сыйлау арқылы достарына және кітапхана қорына үлес қосу мәдениетін көрсетті.

Шара барысында бейнероликтер мен фотоматериалдар дайындалып, мектеп әлеуметтік желілерінде челлендждің нәтижелері жарияланды. Сонымен қатар, оқушылар арасындағы ынтымақтастық, шығармашылық белсенділік және жауапкершілік сезімі нығайтылды.

«Шын жүректен кітап сыйла!» челленджінің негізгі мақсаты – оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, кітапхананың қорын толықтыру және мәдени-рухани құндылықтарды насихаттау.

Іс-шара нәтижесінде мектеп кітапханасына көптеген жаңа кітаптар тартылып, оқушылардың шығармашылық белсенділігі мен қоғамдық бастамалары қолдау тапты.

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив