"Ананың аялы алақаны" челленджі
«Медеубай Құрманов атындағы №2 орта мектебі» КММ
«Шабыт» жобасы аясында «Ананың аялы алақаны» тақырыбында челлендж өткені туралы
АҚПАРАТ
«Шабыт» жобасы аясында бастауыш сынып оқушылары арасында «Ананың аялы алақаны» атты челлендж ұйымдастырылды. Аталған шараға 1–4 сынып оқушылары белсене қатысып, өздерінің аналарға деген шексіз сүйіспеншілігі мен құрметін ерекше форматта жеткізді.
Челлендж барысында оқушылар аналарымен бірге түскен суреттерімен бөлісіп, жүрекжарды тілектерін айтып, өлең жолдарын арнады. Кейбір оқушылар өз қолдарымен жасаған сыйлықтарын ұсынып, ананың мейірімі мен қамқорлығын дәріптеді. Іс-шараның басты мақсаты – оқушылардың бойында ата-анаға деген құрмет пен алғыс сезімін қалыптастыру, отбасы құндылықтарын насихаттау. «Ананың аялы алақаны» челленджі балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытып қана қоймай, олардың мейірімділік пен ізгілікке деген көзқарасын нығайтты.
Осындай тағылымы мол шаралар өскелең ұрпақтың жүрегіне жылулық ұялатары сөзсіз.