«Dastur» челленджі » Жетісу облысы Көксу ауданы М.Құрманов атындағы №2 орта мектеп
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Медеубай Құрманов атындағы №2 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
13
март
2026

«Dastur» челленджі

 «Dastur» челленджі

Наурыз мейрамы қарсаңында ұйымдастырылған Наурызнама онкүндігі аясында 2–3 сынып оқушылары арасында «Бұрымды қыз» атты «Dastur» әсемдік пен өнер челленджі өткізілді.Челлендж барысында қыздарымыз ұлттық киім киіп, өздерінің әдептілігімен, көркем мінезімен және ұлттық дәстүрге деген құрметімен ерекшеленді. Ұзын бұрымдары мен әсем киімдері жарасқан аруларымыз қазақ қыздарының бұрым өсіру дәстүрінің маңызы туралы айтып, шаш өрімдерінің тәрбиелік мәнін түсіндірді. Іс-шараның негізгі мақсаты – қазақ қыздарының инабаттылығын, сұлулығын, ұлттық құндылықтарға деген сүйіспеншілігін насихаттау, жас ұрпақтың бойына ұлттық тәрбие мен мәдениетті сіңіру.Челлендж барысында барлық қатысушылар белсенділік танытып, өз өнерлері мен шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Барлық қатысушы қыздарға белсенді қатысқандары үшін алғыс білдірілді.

Аталған челлендж оқушылардың ұлттық салт-дәстүрлерді құрметтеуіне, қазақ қыздарының көркем бейнесін дәріптеуге және ұлттық мәдениетке деген қызығушылығын арттыруға ықпал етті.

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив