14
октябрь
2025
"Оқулықты ұқыпты ұстау - оқуға құрмет" білім алушылардың оқулықтарын тексеру
«Медеубай Құрманов атындағы №2 орта мектеп» КММ
«Өзін - өзі» басқару ұйымының мектептің білім алушыларының оқулықтарын тексеру бойынша
мәлімет
«Өзін – өзі басқару» ұйымының мүшелері мектеп бойынша рейд ұйымдастырып, оқушылардың жеке кітаптарының жағдайын тексерді.
Тексеру барысында кітаптардың тазалығы, мұқабасының бүтіндігі, жазбалардың болмауы және кітапты ұқыпты ұстау ережелерінің сақталуы назарға алынды. Сондай-ақ, кітапханадан алынған кітаптардың мерзімі мен сақталу талаптары да қаралды.
Мақсаты:
Оқушылардың оқу мәдениетін арттыру, кітапқа деген ұқыптылық пен жауапкершілік сезімін қалыптастыру, оқу құралдарына құрметпен қарауға тәрбиелеу.