Қарттар күніне орай "Қоғамға қызмет ету" қайырымдылық акция
«Медеубай Құрманов атындағы №2 орта мектеп» КММ
«Қамқор» жобасы аясында: Қарттар күніне орай «Қоғамға қызмет ету» волонтерлық қызмет, қайырымдылық акция өткені туралы
мәлімет
2025 жылдың 1 қазанында Қарттар күніне орай «Қамқор» жобасы аясында «Қоғамға қызмет ету» атты волонтерлік және қайырымдылық акциясы өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – қарт адамдарға құрмет көрсетіп, оларға моральдық және материалдық қолдау білдіру, жастарды ізгілік пен мейірімге тәрбиелеу болды.
Акцияға мектебіміздің «Өзін – өзі басқару» ұйымы қатысып, қарттармен әңгімелесіп, жылы лебіздерін білдіріп, мерекелік көңіл күй сыйлады. Бұл іс-шара қоғамдағы өзара қамқорлық пен мейірімділіктің маңыздылығын көрсетіп, жас ұрпаққа үлкенге құрмет көрсету үлгісін паш етті. «Қамқор» жобасы алдағы уақытта да осындай игі істерді жалғастыруды жоспарлап отыр.