Қайырымдылық жәрмеңкесі
«Медеубай Құрманов атындағы №2 орта мектебі» КММ
«Қайырымдылық жәрмеңкесі» өткендігі туралы мәлімет
Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында, оқу – тәрбие жоспарына сәйкес, сынып жетекшілер апталығының және «Қамқор» әлеуметтік жобасы аясында, "ЖАС ҰЛАН" балалар ұйымы мен Мектеп Парламенті бірлесе отырып 16 сәуірде «Қайырымдылық жәрмеңкесін» 5-8 сынып оқушыларымен бірге өткізді.
Мақсаты: Оқушылардың бойына ізгілік, қамқорлық, қайырымдылық сынды асыл қасиеттерді дарыту, риясыз мейірімді болуға үйрету, ой, сөз , қол бірлесітігі туралы ұғымын кеңейту.
Шара барысында мектеп оқушылары қайырымдылық жәрмеңкесін ұйымдастырып, жүректері жылуға, адамгершілік қасиетке толы екенін тағы бір дәлелдеді. Жәрмеңкеде оқушылар өз қолдарынан дайындаған тағамдарды санитарлық гигиенаны сақтай отырып сатты. Жәрмеңкеден түскен қаражатқа «Қамқор» әлеуметтік жобасы аясында Ұлы Отан соғысы ардагері, Тыл еңбеккерлері, ардагер ұстаздар және әлеуметтік отбасыларға көмек көрсетіп, жылы лебіз білдіріп, сыйлықтар жасау жағы қолға алынды.



https://www.instagram.com/reel/DIgJzSdKO2y/?igsh=ZThvaGM1bmp3MmV0