«Ұлттық спорт күні»
«Ұлттық спорт күні»:Наурыз мейрамы қарсаңында өтетін Наурызнама онкүндігі аясында мектепте «Ұлттық спорт күніне» орай «Әкем, Анам және Мен – ұлттық ойындар» атты отбасылық спорттық жарыс ұйымдастырылып, жоғары деңгейде өткізілді.Шараның басты мақсаты – отбасы бірлігін нығайту, ұлттық ойындарды дәріптеу және оқушылар мен ата-аналар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру.Жарыс барысында қатысушылар ұлттық ойындар бойынша түрлі сайыстарда өз бақтарын сынады. Атап айтқанда:
- 🏃♂️ қаппен секіру
- 🎯 асық ату
- 💰 теңге алу
- 🏃 эстафеталық жарыс
- 💪 арқан тартыс
Жарысқа қатысқан отбасылар ұйымшылдықтарын, шапшаңдықтарын және белсенділіктерін көрсетіп, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Шара барысында ұлттық ойындардың маңызы насихатталып, ата-аналар мен оқушылар арасында өзара ынтымақтастық пен бірлік нығая түсті.
Жарыс соңында жеңімпаздар марапатталып, барлық қатысушыларға алғыс білдірілді. Осындай тәрбиелік мәні зор шаралар ұлттық құндылықтарды дәріптеп, отбасы арасындағы татулық пен бірлікті арттыруға ықпал етеді.