Азаматтар жаппай келетін объектінің басшылары мен персоналдары міндетті:
Азаматтар жаппай келетін объектінің басшылары мен персоналдары міндетті:
1. Егер жарылғыш құрылғыға ұқсас бөгде күдікті зат табылса:
- басшының нұсқауы бойынша немесе өз еркіңізбен "102" телефоны бойынша - ІІО - ның кезекші бөліміне (полицияға), "112" - Төтенше жағдайлар жөніндегі бөлімшенің кезекші бөліміне объектінің атауын, оның мекенжайын, затты табу уақытын көрсете отырып болған оқиға туралы дербес хабарлау;
- құқық қорғау органдары, авариялық-құтқару қызметтері келгенге дейін өткізу режимін күшейту, мүмкіндігінше затты табу орнын қоршау, қоршауды орнату және күдікті затты табу орнына 100 м-ден жақын емес қолжетімділікті жабу;
- құқық қорғау органдары, авариялық-құтқару қызметтері келгеннен кейін олардың нұсқауы бойынша персонал мен келушілерді хабардар ету және эвакуациялау шараларын қабылдау;
Күдікті затқа қол тигізуге, оны өз бетінше ашуға, жылжытуға және бір нәрсемен жабуға, су құюға, механикалық әсер етуге, сондай-ақ заттың жанында радио және ұялы байланыс құралдарын пайдалануға Қатаң тыйым салынады.