«Ел қорғау – ерлік пен намыс жолы»
«Ел қорғау – ерлік пен намыс жолы» тақырыбы аясында Көксу ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің мамандары М.Құрманов атындағы №2 орта мектебінде оқушылар мен мектеп ұжымымен бірге жер сілкінісі жағдайында іс-қимыл жасау бойынша оқу-жаттығуын өткізді.
Іс-шара барысында мамандар жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздік талаптарын түсіндіріп, төтенше жағдайда дұрыс эвакуациялау тәртібін тәжірибе жүзінде көрсетті. Дабыл белгісі берілгеннен кейін оқушылар мен қызметкерлер ғимараттан белгіленген бағыт бойынша шықып, жинақталу орнына уақытылы жиналды.
Оқу-жаттығу мектеп ұжымының қауіпсіздік дағдыларын дамыту, төтенше жағдай кезінде дұрыс әрекет ету қабілетін қалыптастыру және азаматтық қорғаныс бойынша дайындықты нығайту мақсатында ұйымдастырылды.
Мақсаты:
М.Құрманов атындағы №2 орта мектебінің оқушылары мен қызметкерлерінің жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіз іс-қимыл дағдыларын қалыптастыру, төтенше жағдайлар туындаған жағдайда дұрыс эвакуациялау тәртібін үйрету және азаматтық қорғаныс бойынша дайындықты арттыру.
Міндеттері:
- Оқушылар мен мектеп ұжымына жер сілкінісі кезіндегі алғашқы әрекеттерді түсіндіру.
- Дабыл белгісі берілген кезде ғимараттан қауіпсіз әрі жылдам эвакуациялау жолдарын тәжірибе жүзінде көрсету.
- Жинақталу орнында тәртіп сақтай отырып сапқа тұру және тексеру жүргізу тәртібін үйрету.
- Төтенше жағдайлар мамандарының нұсқаулықтарымен таныстырып, қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру.
- ТЖ жағдайында ұжымдық жауапкершілік пен өзара көмектесу дағдыларын дамыту.