Оқу-тәрбиелік жұмыс » Страница 4 » Жетісу облысы Көксу ауданы М.Құрманов атындағы №2 орта мектеп
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Медеубай Құрманов атындағы №2 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
Қазақстан — біздің ортақ үйіміз!
30
апрель
2026
Қазақстан — біздің ортақ үйіміз!
Қазақстан — біздің ортақ үйіміз! Біз әртүрліміз, бірақ бізді достық, өзара құрмет және Отанға деген сүйіспеншілік біріктіреді ❤️ 5-сынып оқушылары онлайн-челленджге қатысып, бейбітшілік пен келісімнің мекені — Қазақстан туралы өз ойларымен бөлісуде 🌍 Ортақ үйімізде әрдайым бейбітшілік, бірлік пен ізгілік салтанат құрсын!
«Заң және тәртіп» жобасы
28
апрель
2026
«Заң және тәртіп» жобасы
Көксу ауданы бойынша «Заң және тәртіп» жобасы аясында М. Құрманов атындағы орта мектептің 9–10 сынып оқушыларымен тәлімгер Шалбаев Даулен Жұмабекович кездесу өткізіп, құқықтық тәрбиеге бағытталған дәріс ұйымдастырды. Дәріс барысында оқушыларға құқықтық сауаттылық, заң талаптарын сақтау, буллинг пен құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, жасөспірімдер арасында жауапкершілікті арттыру және салауатты өмір салтын қалыптастырудың маңыздылығы айтылды.
«AI технологиялар: спорттағы болашаққа қадам»
24
апрель
2026
«AI технологиялар: спорттағы болашаққа қадам»
23 сәуір күні «AI технологиялар: спорттағы болашаққа қадам» атты дене шынықтыру және АӘД пән бірлестігінің онкүндік апталығы аясында 7 «В» сынып оқушыларымен “Игры с мгновенной ответной реакцией на сигналы” тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Сабақты дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Гаитов Д. жүргізді. Сабақ барысында оқушылардың жылдам ойлау, шапшаңдық және белгіге жедел жауап беру қабілеттерін дамытуға бағытталған түрлі волейбол ойынына арналған жаттығулар ұйымдастырылды. Оқушылар белсенді
діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу
23
апрель
2026
діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу
Білім алушылар арасында діни сауаттылықты арттыру және діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында мектепте ауданның теолог мамандарымен кездесу ұйымдастырылды. Аталған іс-шара барысында мамандар оқушыларға діни терроризмнің қауіптілігі, оның қоғамға тигізетін зардаптары және теріс діни ағымдардың белгілері туралы кеңінен түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, дәстүрлі дін құндылықтары, зайырлы қоғамның маңыздылығы және діни ақпаратты дұрыс қабылдау жолдары жөнінде ақпарат
«Нашақорлыққа жол жоқ»
22
апрель
2026
«Нашақорлыққа жол жоқ»
Білім алушылар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру және құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында «Нашақорлыққа жол жоқ» тақырыбында 9–10 сынып оқушыларымен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Аталған іс-шараға аудандық АПБ бөлімінің мамандары қатысып, оқушыларға нашақорлықтың зияны, оның адам денсаулығына, психологиялық жағдайына және қоғамға тигізетін кері әсері туралы кеңінен түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, заң алдында жауапкершілік, құқықтық салдары және есірткі заттарын
көгалдандыру жұмыстары
21
апрель
2026
көгалдандыру жұмыстары
2026 жылдың 21 сәуір күні мектебімізде көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп, мектеп аумағына гүлдер отырғызылды 🌸 Шараға мұғалімдер мен білім алушылар белсене қатысып, табиғатты аялауға және қоршаған ортаны көркейтуге өз үлестерін қосты. Гүл отырғызу барысында аула тазартылып, түрлі гүл көшеттері егілді 🌿 Бұл игі іс білім алушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырып, еңбекке баулуға үлкен септігін тигізеді. Нәтижесінде мектебіміздің ауласы көркейіп, әсем әрі жайлы орта қалыптасты ✨
Таңғы сергіту
21
апрель
2026
Таңғы сергіту
2026 жылдың 20 сәуір күні мектебімізде мұғалімдер мен білім алушылардың қатысуымен таңғы жаттығу өткізілді 💪 Таңғы сергіту жаттығулары барлық қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, күнді белсенді бастауға мүмкіндік берді. Жаттығу барысында денені шынықтыратын қарапайым қимылдар орындалып, салауатты өмір салтының маңыздылығы насихатталды. Осындай пайдалы бастамалар оқушылардың денсаулығын нығайтып, сергектік пен белсенділікті арттыра түседі  
Мемлекеттік Гимнін орындау
20
апрель
2026
Мемлекеттік Гимнін орындау
2026 жылдың 20 сәуірі Бүгін мектебімізде оқушылар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін орындады 🇰🇿 Бұл – әрбір жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастырып, елге деген құрметін арттыратын маңызды сәттердің бірі. Оқушылар Гимнді зор мақтанышпен, ерекше ықыласпен орындады. Осындай рухани мәні зор шаралар жас ұрпақты елін, жерін сүюге тәрбиелейді 
көңілді саяхат
17
апрель
2026
көңілді саяхат
Дүниежүзілік кітап күніне орай өткізілген онкүндік аясында мектеп кітапханасында балалар журналдарының беттері арқылы көңілді саяхат ұйымдастырылды. Жас оқырмандар қызығушылықпен әңгімелер мен ертегілерді оқып, жұмбақтар мен кроссвордтарды шешіп, журналдарда жарияланған лабиринттерден өтті.   
Дүниежүзілік кітап күні
16
апрель
2026
Дүниежүзілік кітап күні
Дүниежүзілік кітап күніне орай мектеп кітапханасында 9–11 сынып оқушыларымен «Ұлы ақындар кітапханасы» атты театрландырылған қойылым өтті.