Оқу-тәрбиелік жұмыс » Страница 3 » Жетісу облысы Көксу ауданы М.Құрманов атындағы №2 орта мектеп
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Медеубай Құрманов атындағы №2 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
“Көңілді қоңырау” акциясы
12
май
2026
“Көңілді қоңырау” акциясы
12 мамыр күні мектеп президенті бекіткен №21 бұйрыққа сәйкес Өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен “Көңілді қоңырау” акциясы өткізілді. Аталған акцияның мақсаты – оқушылардың көңіл күйін көтеру, мектеп ішінде жағымды атмосфера қалыптастыру және белсенділікті арттыру болды. Іс-шара барысында оқушылар көтеріңкі көңіл күймен қатысып, ерекше әсер алды. “Көңілді қоңырау” акциясы мектеп өмірін жандандырып, оқушылар арасында достық пен ұйымшылдықты нығайтуға өз үлесін қосты.
“Көңілді қоңырау”
08
май
2026
“Көңілді қоңырау”
“Көңілді қоңырау” Оқушылармен өткізген ойындар.Көркем еңбек пән мұғалімдері: Абдрасилова Т.Б Мухаметкалиев Б.К
7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне арналған әскери-спорттық «Жас Ұлан - 2026» байқауы
06
май
2026
7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне арналған әскери-спорттық «Жас Ұлан
Мектебіміз үшін ерекше қуанышты күн! 🇰🇿✨ Бүгін аудан мектептері арасында 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне арналған әскери-спорттық «Жас Ұлан - 2026» байқауында Медеубай Құрманов атындағы №2 орта мектептің командасы БАС ЖҮЛДЕНІ жеңіп алды! 🏆👏 Бұл – оқушыларымыздың табандылығы мен жігерінің, ұстаздарымыздың тынымсыз еңбегінің жемісі. Әрбір қатысушы өздерінің батылдығын, ұйымшылдығын және отансүйгіштік рухын жоғары деңгейде көрсете білді. Жеңістеріңіз құтты болсын! Алдағы уақытта да биік
«Халықтың ерлігі ғасырлар бойы өмір сүреді!» атты еске алу кеші
06
май
2026
«Халықтың ерлігі ғасырлар бойы өмір сүреді!» атты еске алу кеші
Мектеп кітапханасында 9 мамыр — Жеңіс күніне орай «Жерлестеріміз – соғыс ардагерлері» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, «Халықтың ерлігі ғасырлар бойы өмір сүреді!» атты еске алу кеші өткізілді. Патриоттық тәрбиеге бағытталған бұл іс-шаралар оқушыларды соғыс туралы көркем шығармалармен, Жеңіс тарихымен, жерлес батырлардың ерліктерімен таныстырып, тарихи жадты сақтауға ықпал етеді. Көрмеде оқырмандардың кең ауқымы үшін мерзімді басылымдардың сирек кездесетін басылымдары мен Ұлы Отан соғысындағы
«Жас сарбаз» әскери-патриоттық әндер фестивалі
06
май
2026
«Жас сарбаз» әскери-патриоттық әндер фестивалі
7–9 мамыр – Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр – Жеңіс күніне арналған Көксу ауданы бойынша өткізілетін іс-шаралар жоспарына сәйкес, мектепішілік «Жас сарбаз» әскери-патриоттық әндер фестивалі өтті. Аталған іс-шараның мақсаты – жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру, елін, жерін құрметтеуге тәрбиелеу және әскери-патриоттық рухты нығайту болып табылады.  
«Жанды шеберхана» атты шеберлік сабағы
05
май
2026
«Жанды шеберхана» атты шеберлік сабағы
«Жанды шеберхана» атты шеберлік сабағы өткізілді. Педагогтер шығармашылық үдеріске белсене қатысып, граттаж техникасында тамаша жұмыстар жасады. 🎨 Шеберлік сабағы барысында қатысушылар өздерінің шығармашылық әлеуетін ашып қана қоймай, нейрожелілердің мүмкіндіктерімен де танысты. Олар нейрожелілердің қай салаларда қолданылатынын, оқу мен шығармашылықта қалай көмектесетінін және заманауи білім беруде қандай мүмкіндіктерге жол ашатынын білді. 🤖 «Жанды шеберхана» шабыт, тәжірибе алмасу және жаңа
9 мамыр – Жеңіс күніне арналған тәрбие сағаты өткізілді.
05
май
2026
9 мамыр – Жеңіс күніне арналған тәрбие сағаты өткізілді.
2 «В» сыныбында 9 мамыр – Жеңіс күніне арналған тәрбие сағаты өткізілді. Іс-шара барысында оқушылар тақырыптық бейнеролик көріп, Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақстандық батырлардың ерліктерімен танысты. Сонымен қатар, өлеңдер оқып, шығармашылық жұмыс орындап, мерекелік құттықтау ашықхаттарын жасады. Тәрбие сағаты оқушылардың өз елінің тарихына деген құрметін қалыптастыруға және ата-бабаларымыздың ерлігін ұмытпай, тарихи жадымызды сақтауға бағытталды.
таңғы күтіп алу
04
май
2026
таңғы күтіп алу
2026 жылдың 04 мамыр күні Бүгін мектебімізде ерекше жылы таң болды 🌿 Мектеп директоры Назерке Нурбакытовна оқушыларды сабаққа қарсы алып, әрқайсысына көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Оқушылармен жылы жүздесіп, сәтті күн тілеп, олардың сабаққа дайындығына назар аударды. Сонымен қатар, мектеп тәртібін сақтау мен қауіпсіздік ережелерінің маңыздылығын еске салды. Осындай қамқорлық пен қолдау – оқушылардың мектепке деген сүйіспеншілігін арттырып, жаңа күнді жақсы көңіл күймен бастауға үлкен мотивация
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні
30
апрель
2026
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай Көксу ауданы көлемінде бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес, «Медеубай Құрманов атындағы №2 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2026 жылдың 30 сәуір күні «Қазақстан халықтар достығы» атты фестиваль жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өткізілді. Фестиваль барысында мектебіміздің оқушылары елімізде тұратын түрлі ұлттардың мәдениеті мен дәстүрін дәріптеп, ұлттық тағамдарын таныстырып, әсем билер билеп, әндер орындады. Олар бірлік
Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театрына саяхат
30
апрель
2026
Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театрына саяхат
Бүгін 6 «Г» сынып оқушылары Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театры театрына барып қайтты. Оқушылар Русалочка ертегісі желісі бойынша қойылған спектакльді тамашалап, ерекше әсерге бөленді 😍 Көркем безендірілген декорациялар, актерлердің шебер ойыны, әсем музыка мен сахналық атмосфера көрермендерді теңіз астының ғажайып әлеміне жетеледі. Көптеген оқушылар басты кейіпкерге жанашырлық танытып, спектакльден кейін қойылымның мазмұнын талқылап, өз әсерлерімен бөлісті 🎭 Мұндай мәдени сапарлар