Материалы за 04.06.2026 » Жетісу облысы Көксу ауданы М.Құрманов атындағы №2 орта мектеп
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Медеубай Құрманов атындағы №2 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Мемлекеттік рәміздер – мақтанышым»
04
июнь
2026
«Мемлекеттік рәміздер – мақтанышым»
«Мемлекеттік рәміздер – мақтанышым» тақырыбында сурет байқауы ұйымдастырылды. Бастауыш сынып білім алушылары өз шығармашылықтарын танытып, Ту, Елтаңба және туған елге деген сүйіспеншіліктерін сурет арқылы бейнеледі. Байқау барысында оқушылар мемлекеттік рәміздердің маңызын түсініп, оларға деген құрметтерін көрсетті. Іс-шара жас ұрпақтың патриоттық сезімін қалыптастыруға және ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталды.  
Мемлекеттік рәміздер күні
04
июнь
2026
Мемлекеттік рәміздер күні
Мектеп жанындағы «Күншуақ» жазғы сауықтыру лагерінде Мемлекеттік рәміздер күніне орай патриоттық флешмоб ұйымдастырылды. Бастауыш сынып білім алушылары Мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсетіп, көтеріңкі көңіл-күймен арнайы дайындалған би қимылдарын орындады. Іс-шараның мақсаты – жас ұрпақтың бойында Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру, мемлекеттік рәміздерді қастерлеуге тәрбиелеу және патриоттық рухты нығайту.  
Мемлекеттік рәміздер күніне арналған іс-шара
04
июнь
2026
Мемлекеттік рәміздер күніне арналған іс-шара
Мектеп жанындағы «Күншуақ» жазғы сауықтыру лагерінде Мемлекеттік рәміздер күніне арналған іс-шара өтті. Бастауыш сынып білім алушылары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін салтанатты түрде орындап, ел рәміздеріне деген құрметтерін көрсетті. Жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру, мемлекеттік рәміздерді қадірлеуге тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған шара жоғары деңгейде өтті.