"Көңілді старт" атты эстафеталық ойындар күні!
Жазғы лагерьдің екінші күні – "Көңілді старт" атты эстафеталық ойындар күні! 🎉 Лагерьдің екінші күні қызықты әрі тартысты эстафеталық ойындарға арналды. Балалар бірнеше топқа бөлініп, жылдамдықтарын, ептіліктерін және ұйымшылдықтарын сынады. Қатысушылар доппен жүгіру, кедергілерден өту, түрлі заттарды тасымалдау секілді қызықты тапсырмаларды орындап, өзара ынтымақтастық пен командалық рухтың үлгісін көрсетті. Әр бала өз командасының жеңісі үшін бар күш-жігерін жұмсап, достарына қолдау білдірді.