Материалы за 18.05.2026 » Жетісу облысы Көксу ауданы М.Құрманов атындағы №2 орта мектеп
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Медеубай Құрманов атындағы №2 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
республикалық олимпиада
18
май
2026
республикалық олимпиада
6 “Б” сынып оқушысы Тілеубекқызы Еркежан дене шынықтыру пәні бойынша өткен аудандық және облыстық кезеңдерден сүрінбей өтіп, республикалық олимпиадада жоғары шеберлік танытып, жүлделі І орынды иеленді. Шымырлығы мен алғырлығын ұштастырған Еркежан өз мақсатына жету жолында талмай еңбек етіп, талай тер төкті. Табандылығы мен қажырлы еңбегінің арқасында биік белесті бағындырып, мектебіміздің мерейін үстем етті. Еркежанның бұл жетістігі — жас ұрпаққа үлгі, алдағы уақытта алар асуы бұдан да биік
«Мемлекеттік рәміздердің тарихы»
18
май
2026
«Мемлекеттік рәміздердің тарихы»
 4 «Г» сыныбында «Мемлекеттік рәміздердің тарихы» тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Оқушылар Қазақстан Республикасының Туы, Елтаңбасы және Әнұранының шығу тарихымен танысып, олардың маңызы мен әрбір азамат үшін мәні туралы мағлұмат алды. Сабақ барысында оқушылар әңгімеге белсене қатысып, сұрақтарға жауап беріп, Отан туралы өз білімдерімен бөлісті. Осындай іс-шаралар оқушылардың бойында патриоттық сезімді қалыптастырып, мемлекеттік рәміздерге деген құрметті және туған елге деген сүйіспеншілікті
“Мемлекеттік рәміздер тарихы”
18
май
2026
“Мемлекеттік рәміздер тарихы”
18-мамыр күні 4”А” сыныбында “Мемлекеттік рәміздер тарихы” атты сынып сағаты өтті. Мақсаты: Оқушыларды Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің шығу тарихымен және мағынасымен таныстыру. Мемлекеттік рәміздердің авторларын атап, олардың маңызын түсіндіру. Оқушылардың бойына патриоттық сезімді, Отанға деген сүйіспеншілікті және мемлекеттік белгілерге деген құрметті қалыптастыру. Сынып сағаты барысында оқушылар жаңа ақпараттармен танысып, өлең шумақтарын айтты. Жұптық жұмыстар орындап,
«Менің үлкен отбасым»
18
май
2026
«Менің үлкен отбасым»
1 «В» сыныбында «Менің үлкен отбасым» тақырыбында сурет байқауы өтті 👨‍👩‍👧‍👦🎨 Әрбір сурет ерекше әрі жүрек жылуына толы болды. Оқушылар ата-аналарын, аға-інілерін, әпке-қарындастарын, әжелері мен аталарын сүйіспеншілікпен бейнеледі. Өз жұмыстарында балалар отбасының қолдау, қамқорлық, махаббат және ең жақын жандардың ортасы екенін көрсетті. Шынайы әрі әсем суреттері үшін талантты оқушыларымызға алғысымызды білдіреміз! Сондай-ақ балаларға әрдайым қолдау көрсетіп жүрген ата-аналарға да зор