Материалы за Февраль 2026 года » Страница 3 » Жетісу облысы Көксу ауданы М.Құрманов атындағы №2 орта мектеп
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Медеубай Құрманов атындағы №2 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Февраль 2026 года » Страница 3
Ауған соғысының ардагерімен кездесу
12
февраль
2026
Ауған соғысының ардагерімен кездесу
12 ақпан күні Ауған соғысының ардагері Ерлан Такенович мектебімізге арнайы келіп, оқушылармен тағылымды кездесу өткізді. Кездесу барысында ардагер өз өмір жолы, соғыс жылдарындағы қиындықтар мен ерлікке толы сәттер туралы әсерлі әңгіме айтып, Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық рухтың маңызын атап өтті. Оқушылар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, батыр ағамен еркін сұхбат құрды. Тағылымы мол жүздесу жас ұрпақты елін, жерін құрметтеуге және бейбіт өмірдің қадірін түсінуге тәрбиеледі.
«Буллинг – оқушы көзімен»
12
февраль
2026
«Буллинг – оқушы көзімен»
Мектепте «Буллинг – оқушы көзімен» тақырыбында кең ауқымды профилактикалық жұмыс аясында бейнеролик дайындалды. Аталған бейнероликтің мақсаты – буллинг мәселесіне қоғам назарын аудару, білім алушылар арасында зорлық-зомбылықтың алдын алу, түсіністік пен мейірімділік құндылықтарын насихаттау және психологиялық қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыру. Бейнеролик мазмұнында буллингтің оқушы өміріне тигізетін кері әсері жан-жақты көрсетілді. Атап айтқанда: психологиялық салдары (күйзеліс, үрей,