12
февраль
2026
Ауған соғысының ардагерімен кездесу
12 ақпан күні Ауған соғысының ардагері Ерлан Такенович мектебімізге арнайы келіп, оқушылармен тағылымды кездесу өткізді. Кездесу барысында ардагер өз өмір жолы, соғыс жылдарындағы қиындықтар мен ерлікке толы сәттер туралы әсерлі әңгіме айтып, Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық рухтың маңызын атап өтті. Оқушылар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, батыр ағамен еркін сұхбат құрды. Тағылымы мол жүздесу жас ұрпақты елін, жерін құрметтеуге және бейбіт өмірдің қадірін түсінуге тәрбиеледі.