Әке – отбасының тірегі » Жетісу облысы Көксу ауданы М.Құрманов атындағы №2 орта мектеп
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Медеубай Құрманов атындағы №2 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
28
январь
2026

Әке – отбасының тірегі

Әке – отбасының тірегі» тақырыбында мектепішілік әкелер одағымен кездесу, сұхбат т.б.

Отбасы – қоғамның негізі, ал әкенің отбасындағы рөлі бала тәрбиесінде ерекше маңызға ие. Әке – баланың өмірлік бағытын айқындайтын, жауапкершілікке, еңбекқорлыққа және тәртіпке баулитын тұлға. Осыған байланысты мектеп пен отбасы арасындағы ынтымақтастықты нығайту, әкенің тәрбиелік рөлін арттыру мақсатында «Әке – отбасының тірегі» тақырыбында мектепішілік Әкелер одағымен кездесу ұйымдастырылды.

Мақсаты. Отбасындағы әкенің жауапкершілігін арттыру, бала тәрбиесіндегі әкенің үлгісін насихаттау және мектеп пен ата-аналар арасындағы серіктестікті нығайту. Кездесу барысында әкелер одағының мүшелері өз тәжірибелерімен бөлісіп, бала тәрбиесіндегі жауапкершілік, тәртіп, үлгі көрсету, уақытты тиімді өткізу мәселелері қозғалады. Сонымен қатар мектеп психологы мен сынып жетекшілерінің қатысуымен пікір алмасу, сұрақ-жауап жүргізіледі.Іс-шара әкелер мен балалар арасындағы өзара түсіністікті нығайтуға, отбасы құндылықтарын құрметтеуге бағытталады.

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив