мектепішілік ата аналар жиналысы
Жетісу облысы білім басқармасының 2025-жылғы 14-қазанындағы №42-42\872 хатына сәйкес, жасөспірімдер мен ата-аналар арасында тұрмыстық зорлық зомбылыққа мүлдем төзбеушілікті насихаттау мақсатында Медеубай Құрманов атындағы №2 орта мектепте мектепішілік ата аналар жиналысы ұйымдастырылды.
Жиналыс барысында мектеп әкімшілігі мен педагогикалық ұжым ата-аналарға тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, оның салдары мен бала психологиясына тигізетін әсері туралы жан-жақты ақпарат берді. Сонымен қатар, отбасыдағы өзара түсіністік пен сыйластықты нығайту, балаларға қолайлы тәрбиелік орта қалыптастыру жайында ұсыныстар айтылып, бейнероликтер көрсетілді.
Іс-шара ата-аналардың белсенді қатысуымен өтті. Қатысушылар өз ойларымен бөлісіп, өзекті мәселелерді талқылап, баланы қауіпсіз ортада тәрбиелеудің маңыздылығын ерекше атап өтті.
Жиналыс соңында ата-аналар тарапынан аталған бағыттағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыру туралы ұсыныстар айтылып, мектеп пен ата-аналар арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға уағдаласты.