Аудандық әскери – патриоттық «Жас Ұлан - 2026» байқауының өткені туралы мәлімет
7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мерекесіне орай аудандық әскери-патриоттық «Жас Ұлан – 2026» байқауы өткізілді. Байқаудың негізгі мақсаты – жастардың бойында отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру, әскери қызметке деген қызығушылықты арттыру және салауатты өмір салтын насихаттау. Байқауға аудан мектептерінің командалары қатысып, түрлі әскери-патриоттық сайыстар бойынша бақ сынады. Атап айтқанда, саптық дайындық, әскери эстафета, автоматты бөлшектеу және жинақтау сияқты кезеңдер ұйымдастырылды. Байқау қорытындысы бойынша Медеубай Құрманов атындағы №2 орта мектеп командасы жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, Бас жүлдені жеңіп алды. Сонымен қатар команда «Автоматты бөлшектеу және жинақтау» номинациясы мен «Әскери эстафеталық жарыста үздік команда» номинациясының жеңімпазы атанды.
Бұл жетістік оқушылардың әскери-патриоттық дайындығының жоғары деңгейін, ұйымшылдығы мен жауапкершілігін көрсетті. Жеңімпаздарды құттықтап, алдағы уақытта жаңа белестерді бағындыруларына тілектестік білдіреміз.