12 сәуір – Ғылым және Космонавтика күніне орай: «Ғарыштық технологиялар және болашақ» танымдық сабақ » Жетісу облысы Көксу ауданы М.Құрманов атындағы №2 орта мектеп
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Медеубай Құрманов атындағы №2 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 12 сәуір – Ғылым және Космонавтика күніне орай: «Ғарыштық технологиялар және болашақ» танымдық сабақ
10
апрель
2026

12 сәуір – Ғылым және Космонавтика күніне орай: «Ғарыштық технологиялар және болашақ» танымдық сабақ

12 сәуір – Ғылым және Космонавтика күніне орай: «Ғарыштық технологиялар және болашақ» танымдық сабақ өтілгені туралы
 МӘЛІМЕТ

12 сәуір – Ғылым күні және Ғылым және Космонавтика күніне орай физика пәнінің мұғалімі Мадина Ержанқызы Сейткаримова оқушыларға арналған танымдық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты – оқушылардың ғылымға деген қызығушылығын арттыру, ғарыш саласындағы жетістіктермен таныстыру және ғылыми-техникалық прогрестің маңызын түсіндіру болды. Іс-шара барысында оқушылар ғарышты игеру тарихы, алғашқы ғарышкерлердің ерліктері, ғарыштық зерттеулердің дамуы және заманауи ғарыштық технологиялар туралы тың ақпараттар алды. Сонымен қатар, оқушылар ғылымның адамзат өркениетінің дамуындағы рөлі, ғылыми жаңалықтардың күнделікті өмірдегі маңызы жөнінде пікір алмасып, өз ойларын ортаға салды. 

Шара оқушылардың ғылыми дүниетанымын кеңейтіп, ғылым мен ғарыш әлеміне деген қызығушылықтарын арттыруға ықпал етті. Мұндай іс-шаралар жас ұрпақтың білімге құштарлығын оятып, болашақ мамандықтарын таңдауда маңызды бағыт-бағдар береді.

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив