7 сәуір – «Дүниежүзілік денсаулық күні» аясында өткен іс – шара
7 сәуір – «Дүниежүзілік денсаулық күні» аясында өткен іс – шара туралы мәлімет
«Дүниежүзілік денсаулық күні» аясында салауатты өмір салтын насихаттау, жасөспірімдерді спортпен тұрақты айналысуға баулу және бұқаралық спортты дамыту мақсатында жасөспірімдер арасында футбол турнирі ұйымдастырылды. Іс-шараны Көксу ауданы бойынша сайлау комиссиясының төрағасы Нурлан Сейлханович Байгабулов және Жас сайлаушылар клубының төрағасы Бейбарыс Қайырхан ұйымдастырды. Турнирге мектебіміздің «Өзін-өзі басқару» ұйымының мүшелері белсенді қатысып, спорттық жарыстың жоғары деңгейде өтуіне өз үлестерін қосты. Жарыс барысында қатысушылар өздерінің ептілігі мен шеберліктерін көрсетіп, командалық бірлік пен достық қарым-қатынастың үлгісін танытты. Турнир жасөспірімдердің бос уақытын тиімді ұйымдастыруға, дене шынықтыру мен спортқа деген қызығушылығын арттыруға ықпал етті.
Іс-шара соңында белсенді қатысушыларға алғыс білдіріліп, жеңімпаз командалар марапатталды. Мұндай спорттық шаралар жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға және қоғамдық белсенділікті арттыруға үлкен мүмкіндік береді.