«Заң және тәртіп»
Қаңтар айы мектебімізде «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы негізінде ауқымды жұмыстар атқарылды. Профилактикалық шаралар оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және мектепішілік тәртіпті нығайтуға бағытталды.
«Заң және тәртіп» тақырыбында құқықбұзушылық, нашақорлық, есірткі профилактикасы бойынша апталық ұйымдастыру
Қазіргі қоғамда жасөспірімдер мен балалар арасында құқықбұзушылықтың, зиянды әдеттердің, оның ішінде нашақорлық пен есірткі заттарын қолданудың алдын алу – өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Осыған байланысты білім алушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, салауатты өмір салтын насихаттау және заңға құрметпен қарауға тәрбиелеу мақсатында «Заң және тәртіп» тақырыбында профилактикалық апталық ұйымдастыру көзделеді.
Білім алушыларға заң талаптарын түсіндіру, құқықбұзушылықтың, нашақорлық пен есірткінің адам өмірі мен денсаулығына тигізетін зиянын ұғындыру, сондай-ақ салауатты өмір салтын ұстануға бағыт беру.
Апталық аясында өткізілетін іс-шаралар
Ашық сынып сағаттары («Заңды білу – заман талабы»);
Полиция қызметкерлерімен кездесу, түсіндірме әңгімелер;
Викториналар, сұрақ-жауап ойындары;
Ата-аналармен профилактикалық жиналыс.