Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театрына саяхат » Жетісу облысы Көксу ауданы М.Құрманов атындағы №2 орта мектеп
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Медеубай Құрманов атындағы №2 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
30
апрель
2026

Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театрына саяхат

Бүгін 6 «Г» сынып оқушылары Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театры театрына барып қайтты.
Оқушылар Русалочка ертегісі желісі бойынша қойылған спектакльді тамашалап, ерекше әсерге бөленді 😍
Көркем безендірілген декорациялар, актерлердің шебер ойыны, әсем музыка мен сахналық атмосфера көрермендерді теңіз астының ғажайып әлеміне жетеледі. Көптеген оқушылар басты кейіпкерге жанашырлық танытып, спектакльден кейін қойылымның мазмұнын талқылап, өз әсерлерімен бөлісті 🎭
Мұндай мәдени сапарлар оқушылардың бір-бірімен жақындасуына ықпал етіп қана қоймай, таныс шығармаларға жаңаша көзқараспен қарауға мүмкіндік береді. Бұл күн олардың жадында ұзақ сақталатыны сөзсіз 💙
Сынып жетекшісі – Герман Е.В.
Орыс тілі пәнінің мұғалімі – Абубакирова М.Р.
Мектеп кітапханашысы – Альбина Ивановна.

Похожие публикации:

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив