«Мен және менің ережелерім»
Полиция қызметкерлерінің қатысуымен «Мен және менің ережелерім» тақырыбында викториналық ойындар
(1-4 сынып)
1–4 сынып оқушылары арасында құқықтық тәрбие беру, қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру және қоғамдық тәртіп ережелерін түсіндіру мақсатында полиция қызметкерлерінің қатысуымен «Мен және менің ережелерім» тақырыбында викториналық ойындар ұйымдастырылды.
Аталған іс-шараның басты мақсаты – бастауыш сынып оқушыларына қарапайым әрі түсінікті түрде өз құқықтары мен міндеттерін таныстыру, күнделікті өмірде қауіпсіздік ережелерін сақтауға үйрету және тәртіпке баулу. Ойын барысында балалар жол қозғалысы ережелері, мектептегі және қоғамдық орындардағы тәртіп, үлкендерді құрметтеу және өзара сыйластық туралы мағлұмат алды.
Қазіргі таңда жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру – маңызды мәселелердің бірі. Осы орайда полиция қызметкерлерінің қатысуымен ұйымдастырылған «Мен және менің ережелерім» тақырыбындағы викториналық ойындар тәрбиелік мәні жоғары іс-шара болып табылады.
Викториналық ойын барысында қатысушыларға қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстау ережелері, жол қозғалысы қауіпсіздігі, кәмелетке толмағандардың құқықтары мен міндеттері туралы сұрақтар қойылады. Ойын сұрақ-жауап, ситуациялық тапсырмалар, «ақиқат немесе жалған» әдістері арқылы өткізіледі.
Полиция қызметкерлері әр сұраққа нақты заң талаптарына сүйене отырып түсіндірме беріп, өмірден алынған мысалдар келтіреді. Бұл әдіс қатысушылардың қызығушылығын арттырып, ақпаратты жеңіл әрі түсінікті қабылдауына мүмкіндік береді.
Сонымен қатар «Менің ережем – менің қауіпсіздігім» атты бөлімде қатысушылар өздерінің күнделікті өмірде ұстанатын жеке ережелерін құрастырады. Бұл олардың жауапк