Бастауыш (қазақ) сынып апталығы
Бастауыш сынып апталығы аясында өткізілген іс-шаралар туралы анықтама
Медеубай Құрманов атындағы №2 орта мектепте 26.01–06.02 күндері аралығында бастауыш сынып апталығы жоспарға сәйкес өткізілді.
26.01.2026ж бастауыш сыныптар арасында «Білім бастауы-бастауышта!»атты онкүндік апталығының ашылуы салтанатты өткізілді.Ашылу рәсімінде апталықтың мазмұны таныстырылып,күнтізбелік жоспары жарияланды.Мұғалімдер мен оқушылар арасында бағытталған түрлі пәндік іс-шаралар,шеберлік сағаттары,ойын түріндегі сабақтар мен шығармашылық байқаулардың өткізілуі жоспарланды.
Апталықтың негізгі мақсаты – оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту, мұғалімдердің кәсіби шеберлігін жетілдіру болды.
Апталық барысында бастауыш сынып мұғалімдері ашық сабақтар, сыныптан тыс іс-шаралар, зияткерлік ойындар мен түрлі байқаулар ұйымдастырды.

Атап айтқанда, 1"А" сыныбында 3 ақпан күні ана тілі пәнінен Буын.Отаным. тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Сынып жетекшісі Куйсова А.Е.
Мақсаты: оқу түрлері мәтінді (буындап, түсініп,мәнерлеп) оқу. Есте сақтап, көшіріп жазу. Сабақта интерактивті тақта, суреттер, буын кестесі, карточкалар, үлестірмелі материалдар
ЖИ,т.б.әдіс тәсілдер қолданылды .Сабақта жұптық,топтық,жеке жұмыстар орындалды. Челлендж арқылы өлеңді түсініп,мәнерлеп оқыды.

4 «Ә» сыныбымен 30 қаңтар күні жаратылыстану сабағынан ашық сабақ өткізілді. Сынып жетекшісі Мекебаева М. Тақырыбы:Дыбыстың шағылуы деген не?
Сабақтың мақсаты:кедергілердің дыбыстың қаттылығы мен таралуына әсерін зерттейді және түсінеді. Сабақта интерактивті тақта, суреттер, буын кестесі, карточкалар, үлестірмелі материалдар ЖИ,т.б.әдіс тәсілдер қолданылды .Сабақта жұптық,топтық,жеке жұмыстар орындалды.
05 ақпан күні 4 А сыныбында әдебиеттік оқу пәнінен ашық сабақ өткізілді.Тақырыбы: «Жылға жақсы тілек» Сынып жетекшісі Абдрашитова К.Б. Сабақтың ұйымдастыру кезеңінен бастап оқушылармен жылы қарым-қатынас орнатылды. Алдымен психологиялық ахуалды жақсарту бойынша жұмыс жасалып, үй тапсырмасы WordWall платформасын қолдану арқылы сұралды. «Ғажайып кітапханаға саяхат» ойыны ойнатылып, «Адасқан сөйлемдер» әдісі арқылы жаңа тақырып ашылды. ЖИ арқылы мәтін бейнеролик ретінде көрсетілді. Өз ойларын топтық жұмыс кезінде еркін жеткізіп, кері байланыс арқылы тақырыпты түсініп, мақсатқа қол жеткізгендіктерін айтты.
2026 жылғы 29 қаңтар күні 0 «В» мектепалды даярлық сыныбында «Математика негіздері» Тақырыбы: «10 көлеміндегі сандарды қосу және азайту» тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Жаңа тақырыпты түсіндіру барысында жасанды интеллект элементтері қолданылып, «Кинометафора» әдісі арқылы сандарды қосу және азайту ұғымдары көрнекі әрі қызықты түрде жеткізілді. Бұл әдіс балалардың тақырыпты жеңіл қабылдауына мүмкіндік берді.
28 қаңтар күні 3 «Б»сыныпта әдебиеттік оқу пәнінен ашық сабақ өткізілді. Сынып жетекшісі Бугубаева Б.А.Тақырыбы;Шара Жиенқулова Қазақ биі.Әдібай Табылды «Өнерпаздар». Сабақтың мақсаты; сөйлеу барысында иллюстрациялар, көрнекіліктер, фотосуреттер қолдану. |
Оқушылар сабақты жылулық шеңберімен бастады.Көңіл күйлерін сабаққа аудару мақстаныда үй тапсырмасын «Ақылды қалпақ» әдісімен сұрақ-жауап арқылы қайталап шықты.Жаңа тақырыпты «Пазл» әдісімен ашты.Оқушыларға би туралы сурет берілді соны құрастырып,би туралы өз білгендерін айтып тақырыпты ашты.
2026 жылдың 29 қаңтар күні 0 «Ә» мектепалды даярлық сыныбында «Қоршаған әлеммен танысу» пәні бойынша «Табиғи құбылыстар.Су» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.Сынып жетекшісі Тұран.Н. Оқушылар табиғи құбылыстарды тәжірибе арқылы бақылап, судың булануы мен жаңбырдың пайда болуы жөнінде алғашқы білімдерін қалыптастырды. Сабақ барысында балалардың қызығушылығы артты, белсенді қатысып, сұрақтарға жауап берді. Сабақ мақсатына жетті, оқушылар жаңа білімді жақсы меңгерді.
2026 жылдың 02 ақпан күні 0 «А» мектепалды даярлық сыныбында «Қоршаған әлеммен таныстыру» пәні бойынша «Көлік түрлері» тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Сынып жетекшісі:Досан.Р
Сабақ барысында оқушыларға көліктің адамдар мен жүктерді бір жерден екінші жерге тасымалдауға арналған құрал екені түсіндірілді. Көлік түрлері бірнеше топқа бөлініп қарастырылды: құрлық, әуе, су және арнайы көліктер. Әр көлік түрінің қызметі мен ерекшеліктері мысалдар арқылы таныстырылды.
Балалар сабаққа белсенді қатысып, көлік түрлерін ажыратып, олардың қандай мақсатта қолданылатынын түсінді. Көрнекіліктер мен ойын элементтері арқылы білімдері бекітілді.

05.02. күні 3 Ә сыныбында Дүниетану пәнінен «Түркілер және олардың өмір сүру салты» тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Сынып жетекшісі. Избасарова К.Ш. Оқушылар сабаққа қызығушылықпен,белсенділікпен қатысты. Әрбір тапсырма «киіз үй» арқылы бағаланып отырды.Сабақ соңында «Аламан»бәйге ойыны арқылы бекітілді.

04.02. күні 1 «Б» сыныбында дүниетану пәнінен ашық сабақ өткізілді.Сынып жетекшісі:Булантаева Г. Тақырыбы: «Адамдар саяхатқа не үшін шығады?» Сабақта тиімді әдіс тәсілдер,қызықты тапсырмалар мен ЖИ құралдары қолданылды.Оқушыларды туризм жайында жаңа ақпараттар алып оны күнделікті өмірде қолдану дағдылары қалыптасты.

03.02.2026ж 1 «Ә» сыныбында жаратылыстану пәнінен ашық сабақ өткізілді. Сынып жетекшісі.Мамекова А. Тақырыбы: «Жер ғаламшарының көрінісі» Мақсаты: Жердің пішінін моделі негізінде анықтау,жердің кішірейтілген үлгісімен танысу. Сабақта ЖИ және тақыпқа сай қызықты тапсырмалар қолданылды.Балалар осы тақырып бойынша көптеген мәліметтер алды .

02.02.2026ж 2 «»А сыныбында дүниетану пәнінен «Мемлекеттік мерекелер» тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Сынып жетекшісі: Атыманова Г.Ж. Сабақ барысында оқушылар Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мерекелерімен танысты.ЖИ көмегімен тақырыпқа байланысты көрнекі материалдар ұсынылып,оқушылардың қызығушылығы артты.Оқушылар белсенді қатысып,өз ойларын еркін жеткізе алды.

30.01.2026ж 2 «Ә» сыныбында әдебиеттік оқу пәнінен ашық сабақ өткізілді. Сынып жетекшісі:Келгембаева В. Тақырыбы «Дәрумендердің пайдасы» Мақсаты:Оқушыларға дәрумендердің түрлері туралы түсінік беру. Сабақ барысында ЖИ және тақырыпқа сай қызықты тапсырмалар қолданылды.Оқушылар осы тақырыпта дәрумендердің пайдасы туралы көптеен мағлұматтар алды.
29.01.2026ж «Б» сыныбында Қазақ тілі пәнінен ашық сабақ өткізілді. Сынып жетекшісі Мәдиқызы Г. Тақырыбы: «Шығыс септік». Сабақ барысында топтық,жұптық,жеке жұмыс толық қамтылып,бағалаулар уақытылы жүргізіліп отырды.Мұғалім шеберлігіне сай ЖИ,Woordwoll платформалары қолданылып,сабақ жүйелі өтті.

06.02.2026ж 3 «А» сыныбында Математика пәнінен «Екі таңбалы санға жазбаша көбейту» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.Сынып жетекшісі Нусипова Қ.Е Сабақ барысында мұғалім оқытудың тиімді тәсілдерін қолданып,оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыра білді.Ашық сабаққа қатысқан әріптестер тарапынан сабақтың мазмұнына оң баға беріліп,мұғалімнің кәсіби шеберлігі мен оқушылармен тиімді жұмыс жүргізе білуі атап өтілді.
27.01.2026ж «Білім бастауы-бастауышта»атты он күндігі аясында «Әдебиеттік оқу сабақтарында оқу сауаттылығын арттырудың тиімі жолдары»тақырыбында шебер-сынып өтті.
Мақсаты:әдебиеттік оқу сабақтарында оқушылардың оқу сауаттылығын арттыруға бағытталған тиімді әдіс-тәсілдерді тәжірибе жүзінде көрсету,замануи жолдарын ұсыну.Жұмыс барысында түрлі әдістер көрсетіледі. Шебер сыныпты Келгембаева В.С мен Абдрашитова К.Б өз тәжірибелерімен бөлісіп,тренинг ұйымдастырды.

27.01.2026ж «Білім бастауы-бастауышта » атты онкүндік жоспарға сай «Мақал-сөздің мәйегі» атты суретте жасырылған мақалды табу,сонымен қатар тапқан жанға сыйлық бұйырды.
Мақсаты: Мақалда ақыл-өсиет,тәрбие,өмір шындығы айқын айтылып,ой толық әрә тұжырымды болады.Ол көбіне тәрбиелік мәнге ие болып,адамды жақсылыққы,еңбекке,бірлікке,адалдыққа шақырады.
28.01.2026ж «Білім бастауы бастауышта» атты он күндік апталықта мектебіміздің кіші қызметкерлермен көңілді ойын «Сағат тілімен»ойыны ұйымдастырылып өткізілді.
Мақсаты-Жұмысшылардың бір-біріне жақсы,жылы сөздер айту,достық қарым қатынасты нығайту. Ойн өте қызықты да әдемі көңіл күймен өткізілді.Қызметкерлер тамаша көңіл күй,жылы сөздер айтып,бастауыш сынып мұғалімдеріне алғыстарын айтты.

28.01.2026ж «Ертегілер елінде » атты 0-сыныптар арасында көрме ұйымдастырылды. Мақсаты-Оқушылардың қиялын дамыту,ертегілерге деген қызығушылығын арттыру. - Шара барысында балалар ертегі кейіпкерлерін таныстырып,өз жұмыстарына үлкен қызығушылықпен қорғады.

30.01.2026ж 1 «А», «Ә», «Б» Сыныптар арасында «Заң және тәртіп» аясында сыныптан тыс сабақ Біз-чемпионбыз! атты эстафеталық ойындар сайысы өтті.
Мақсаты- оқушыларды салауатты өмір сүре білуге баулу,ойын ойнау арқылы ептілікке,ерік-жіерін шыңдауғ тәрбиелеу.Үш сыныптан құралған топ төрт турдан тұратын сайыс кезеңдері бойынша жүлделі орын алып,өз белсенділіктерін көрсетті.

30.01.2026ж «Сен рәміздерді білесіңбе?» атты викториналық сұрақтар алынды. Мақсаты:Оқушылардың рәміздерді білу,өз елдерінің тарихы,мәдениеті және мемлекеттік символдары турады білім беру.Оқушылар рәміздерді білу арқылы өз елдерін құрмет пен мақтаныш сезімін қалыптастырды.
02.02.2026ж Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына орай бастауыш сыныптары мектеп әкімшілігіне әдеби-шығармашылық челлендж жолдады.
Челлендждің мақсаты-бастауыш сынып оқушыларының қазақ поэзиясына деген қызығушылығын арттыру,көркем сөзге құрмет сезімін қалыптастыру ,ақын шығрмалары арқылы рухани-адамгершілік құндылықтарды насихаттау.
Бастауыш сынып мұғалімдері бұл челленджді мектеп әкімшілігіне жолдай отырып,эстафетаны басқа сыныптар мен педагогтерге жалғастыруды ұсынды.

02.02.2026ж «Адал азамат»біртұтас тәрбие бағдарламасына сәйкес, ақпан айы «Жасампаздық және жаңашылдық»айының жоспарына сәйкес 1«Ә» сыныбында «Жаңашылдық болашақтың»кілті тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
Сынып сағаты барысында оқушылар жаңашылдық пен шығармашылдықтың маңыздылығын кретивті ойлау мен жаңа идеяларды дамыту жолдарын талқылады.
Іс шара білім алушылардың ой-өрісін кеңейтуге,ынталандыруға және болашаққа деген сенімділігін арттыруға бағытталды.Сынып сағаты ұйымдастырылған әрі қызықты атмосферада өтті. Сынып жетекшісі:Мамекова А.Т
04.02. Күні 3 Сыныптар арасында «Екі ғасырдың егіз ақыны Абай мен Мұқағали» атты мәнерлеп оқу сыныптан тыс тәрбие сағаты өтті.
Мақсаты: Оқушылардың әдебиетке қызығушылығын арттырып,ұлы ақындарды құрметтеуге тәрбиелеу.Сабақ барысында оқушылар ақындардың өлеңдерін мәнерлеп оқып,шығармаларымен танысты.
Іс-шара оқушылар үшін танымдық,әрі тәрбиелік мәнге ие болды.Соңында оқушылар мектеп директоры 1,2,3 орындармен марапаттап,сыйлықтар табыстады.

05.02. күні 2 «А» сыныпта сыныптан тыс «Үлгі болар отбасы-қазағымның айнасы» атты отбасылық сайыс өтті.
Сайыстың мақсаты:Отбасының тәрбиедегі маңызын көрсету,бала бойына адамгершілік сыйластық,ата-анаға және қоғамға деген құрметті ұлттық салт дәстүр арқылы сіңіру.Шара өте әсерлі,тәрбиелік мәні жоғары деңгейде өтті.

«Білім бастауы бастауышта!» атты онкүндік жоспарға сай бастауыш сыныптар арасында «Логикалық тапсырмалар» бойынша қызықты тапсырмалар орындап почта жәшігіне жааптарын қалдырып отырды.
Логикалық тапсырма-оқушының ойлау қабілетін,талдау,салыстыру,қортынды жасау дағдыларын дамытатын тапсырма.

Апталық барысында бастауыш сынып мұғалімдері ашық сабақтар, сыныптан тыс іс-шаралар, зияткерлік ойындар мен түрлі байқаулар ұйымдастырды.
Әр сабақта заманауи педагогикалық технологиялар қолданылып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығы арттырылды. Мұғалімдер өзара тәжірибе алмасып, әдістемелік тұрғыда кәсіби шеберліктерін көрсетті.
Апталық соңында белсенді қатысқан оқушылар марапатталып, қорытынды жасалды. Жалпы, өткізілген апталық өз мақсатына жетіп, жоғары деңгейде ұйымдастырылды.





