2022-2023 оқу жылының басталуына орай «Білімге ұмтылу,еңбексүйгіштік және патриотизм » тақырыбында алғашқы қоңырау мерекелік салтанатты жиыны болып өтті
«Медеубай Құрманов атындағы № 2 орта мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2022-2023 оқу жылының басталуына орай «Білімге ұмтылу,еңбексүйгіштік және патриотизм » тақырыбында алғашқы қоңырау мерекелік салтанатты жиыны болып өтті. Салтанатты іс-шараның мақсаты: Жаңа оқу жылының басталуы қарсаңында білім алушылардың бойында жағымды көңіл-күй, оң көзқарас
қалыптастыру.Алғашқы қоңырау мерекелік іс-шараны мектеп директоры Алимбаланова Нуриля Динислямовна мектеп табалдырығын аттап отырған бүлдіршіндерді, оқушылар мен ата-аналарды құттықтау сөзімен бастады. Нуриля Динислямовна өз сөзінде қазіргі таңда жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беру - ұстаздар алдындағы үлкен міндет екенін атап көрсете отырып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды елімізде "Балалар жылы" деп жариялағанын және Қазақстанның жарқын болашағы өз қолымызда, яғни ел тағдырына бей-жай қарамайтын, нағыз отаншыл, ниеттес, мүдделес –білімді, тәрбиелі баланың қолында екенін атап өтті.Сондай-ақ, 1- қыркүйек -Білім күні мерекесіне Жетісу облысы Көксу ауданың ұйымдастыру, мемлекеттік-құқықтық және АХАТ бөлімінің басшысы Дәрібаева Гүлнар Жұмабайқызы қонақ болып ,оқушылар мен мектеп ұжымын құттықтап сөз сөйледі. Салтанатты жиын оқушылардың мерекелік сазды бағдарламасымен жалғасты. Қоңыраудан соң барлық сынып оқушылары өз оқу кабинеттерімен танысып, ««Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық»тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді.
# Bilim_quni #koksu_bilim
#көксубілімбөлімі
#өзін_өзібасқару
#школьное_самоуправление
#МОНРК
#РУМЦДО
#балаларжылы2022
#годдетей2022
#қосымшабілімберу
#Алматыоблысы_мектеп_парламенті
#алматыоблысыныңбілімбасқармасы
#ШерРаисаПетровна
