2022 жылы 24-қыркүйекте Талдықорған қаласы №28 IT мектеп-лицейінің ғимаратында облыстық "Mi Ваttle" зияткерлік топтық сайыста Көксу ауданының мұғалімдер командасы "БАС жүлдені" ұтып алдық.
"Мұғалімдер күні" қарсаңында Жетісу облысының білім басқармасы және "Жетісу дарын" орталығының ұйымдастыруымен 2022 жылы 24-қыркүйекте Талдықорған қаласы №28 IT мектеп-лицейінің ғимаратында облыстық "Mi Ваttle" зияткерлік топтық сайыста Көксу ауданының мұғалімдер командасы "БАС жүлдені" ұтып алдық. Көксу ауданының команда құрамы: "Б.Құндақбаева атындағы №1 ОМ" КММ-ден физика пәнінің мұғалімі -Рафиков Аслан Фархатович, тарих пәнінің мұғалімі -Сейтказимов Темірлан Қазбекұлы, "Жамбыл орта мектеп" КММ-нің жас маман, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі -Аринов Әлішер Серікбайұлы, "М.Құрманов атындағы №2 ОМ" КММ-нің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Абдрешова Жанар Батыргалиевна және Көксу ауданы бойынша ББ-нің аға әдіскері, команда басшысы - Уәлиев Ұлан Бақыткелдіұлы. Жеңісіміз, құтты болсын! @koksu_bilim @zhanar_batirgalievna80
