Алматы облысы Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылында 2022 жылы 9-11-наурыз аралығында Алматы облысының білім басқармасының 2022 жылдың 25-ақпандағы №164/18-4/464 бұйрығына сәйкес және "Жетісу дарыны" облыстық дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау
Алматы облысы Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылында 2022 жылы 9-11-наурыз аралығында Алматы облысының білім басқармасының 2022 жылдың 25-ақпандағы №164/18-4/464 бұйрығына сәйкес және "Жетісу дарыны" облыстық дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы" КММ-нің ұйымдастыруымен республикалық "Жыр алыбы-Жамбыл" атты жалпы орта білім беретін мектеп оқушыларының арасында жас ақындар айтысы өтті. Айтыстың мақсаты- Жамбыл Жабаевтың шығармаларын насихаттау, мектеп оқушыларының ақындық суырып салма қабілеттерін, тума талант, табиғи дарындарын анықтау. Республикалық жас ақындар айтысына 32 (отыз екі) оқушы қатысты. Республикалық тақырыптық және қайым айтысна Көксу ауданы Балпық би ауылы атынан біздің "Медеубай Құрманов атындағы №2 орта мектеп" КММ-нің 9"Ә" сынып оқушысы Тілеуқазы Өрден өз еңбегімен, өнерімен, ақындығымен республикалық айтысқа қатысып, ІІІ орын алды. Жас ақынның жетекші ұстазы- қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Абдрешова Жанар Батыргалиевна. Жүлдеміз, құтты болсын! Мың алғыс! Жас ақын дайындығына көмектесіп, бағыт-бағдар бергені үшін, Көксу ауданының азаматтары және айтыс өнерінің жанашырлары: Байгазинов Ерлен Бақытұлына, Қыстаубаев Ермек Мақсұлұлына және ақын Серік Дарханға үлкен рахмет! @zhanar_batirgalievna80 @koksu_bilim @alimbalanova_n
