17-25 желтоқсан 2024 жылы «Психологиялық –ғажайып әлем» атты педагог-психологтардың апталы
«Жетісу облысы білім басқармасының Көксу ауданы бойынша білім бөлімі» ММ
«Медеубай Құрманов атындағы №2 орта мектеп» КММ
17-25 желтоқсан 2024 жылы «Психологиялық –ғажайып әлем» атты педагог-психологтардың апталығының анықтамасы.
Мақсаты: Психологиялық қызметтің жұмысын насихаттау, мектеп ұжымының ауызбіршілігін қалыптастыру, оқушылардың шығармашылығын, белсенділігін арттыру.
Көрнекілігі: әдістемелік бұрыш, стикер.
- «Эмоция күні» оқушылардың көңіл күйін байқау, мектепке қандай көңіл күймен келгенің анықтау мақсатыңда 1-11 сыныптар аралығында пікір алмасу тақтасы жасалынды.Әр оқушы өз көңіл –күйін стикер арқылы тауып , тақтаға жабыстырды.Эмоция құнды қасиеттер туралы беру, күлкі жəне жымиюдың адам өміріндегі қажет екенін түсіндіру. Балалардың топта және жеке тұлғалық психоэмоционалдық жағдайын жайландыру арқылы ішкі күйзелісті төмендету, өзіне деген сенімділігін арттыру, дұрыс көзқарасты қалыптастыр арқылы.Балаларға жылы жымиып,шынайы күліп жүру керектігіне көздерін жеткізе отырып, жақсы істер жасай білуге бағыт бағдар беру. Өзіне және қоршаған ортаға позитивті қарым-қатынас жасай білді оқушылар.
https://www.instagram.com/reel/DDrqL32CrZ6/?igsh=aHIxaXVsaXBvdWQx
2. «Қарым –қатынас күні». Түзету –дамыту сабақтары 5-11 сыныптар аралығында. Балалардың ақпараттық қауіпсіздігін және цифрлық сауаттылығын қамтамасыз ету. Буллинг, кибербуллинг, аутодиструктивті мінез –құлықтың алдын алу жұмыстары. Балалардың ақпараттық қауіпсіздігін және цифрлық сауаттылығын қамтамасыз ету мақсатында оқушыларға бейнеролик ұсынылды.
Бейнероликтен кейінгі жетелеуші сұрақтар қойылды?
- Бұл бейнеролик не туралы?
- «Буллинг», «Кибербуллинг» қандай жағдайларға әкеліп тіреуі мүмкін?
- Неліктен адамдар бір –бірін қорлап, қиянат жасайды?
- «Буллинг», «Кибербуллингтен» өзінді қалай қорғай аласын? Деген сұрақтарға білім алушылар толықтай жауап берді.
Көрнекілігі: түрлі түсті қағаз, стакан, шарлар.
«Буллинг», «Кибербуллинг» – мағынасын ашу таныстыру. Жасөспірімдер арасындағы қорлау, мазақтау, намысқа тию, интернет арқылды бопсалау, қорқыту жағдайларын алдын алу мақсатында «Кім жылдам», «Мен саған сенемін » атты ойын жаттығулар жүргізілді.
Мақсаты: төзімділікті, жылдамдықты дамытуға және тұлғааралық қарым қатынасты жақсартуға арналады.
3. «Ризашылық күні». «Ата-анама хат» 1-11 сыныптар аралығында оқушылардан эссе алынды.
Ризашылық пен алғыс туралы түсінік беру
1. Білімгерлердің сыйластық құндылығы туралы түсініктерін кеңейту
2. Білімгерлерді үлкен-кішіге деген сүйіспеншілікке, сыпайылық қарым -қатынасқа, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу.
4.«Жарқын болашақ күні» 9-11 сыныптар аралығында семинар-кенес өтті.Оқушыларға кәсіби бағдар беру: «Өзіңді мамандықтар әлеміне тап»
Жұмыс түрі: әңгімелесу,кенес беру, ойын элементтерімен «Жаңа мамандық және ескі мамандық» түрлері.
Білім алушыларда әлем туралы нақты-көрнекі түсінік беру. Қазіргі әлемдегі мамандықтардың құндылығы мен маңыздылығын ұғыну. Әр түрлі мамандықтармен танысу үшін жағдай жасау;
- қатысушылардың зерттеу іс-әрекетінің дағдыларын қалыптастыру;
- оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттыру;
- әр түрлі кәсіптегі адамдарға, олардың еңбектерінің нәтижелеріне құрмет көрсетуге тәрбиелеу.
- мамандық белгілерін бөлу, мамандыққа қысқаша сипаттама беру.Мамандық таңдауда жауапкершілікті қалыптастыру ,өз-өзін тану аймағын кеңейту,кез-келген кедергілерден шыға білу мақсатында жаттығу жүргізілді.Сұрақ –жауап викторинасын өткіздік.
5.«Тілектер күні» Бос уақытынды тиімді пайдалану. «Интернетсіз бір күн» Кіші буын оқушыларымен өткізген шолу-әңгімеде көрнекіліктерді пайдалана отырып: бос уақытыңды текке өткізбе таза ауада серуенде досыңмен бірігіп кітап оқы ой бөлісіп әңгіме дүкен құрып оқығын ертегілермен бөлісуге болатыны айтылды.Орта және жоғары буыннан сұрақ –жауап викторинасы жүргізілді.
-Бір күн интернетсіз уақытты қалай тиімді пайдалануға болады?
Педагог-психолог А.Есенбол
Н.Шәкірова