"Жер сағаты" экологиялық акциясы, экологиялық ашық тәрбие сағаты
«Медеубай Құрманов атындағы №2 орта мектебі» КММ
«Қамқор» жобасы аясында «Жер сағаты» экологиялық акциясы, экологиялық ашық тәрбие сағаты өткені туралы
АҚПАРАТ
«Қамқор» жобасы аясында «Жер сағаты» экологиялық акциясы ұйымдастырылып, жоғары деңгейде өтті. Аталған шараның мақсаты – оқушылардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыру, табиғатты қорғау және энергияны үнемдеу мәдениетін қалыптастыру.
Акция барысында мектеп ұжымы мен оқушылар белгіленген уақытта жарық көздерін сөндіріп, Жер-Анаға жанашырлық танытты. Сонымен қатар, табиғатты аялау, қоршаған ортаны қорғау тақырыптарында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды.
Оқушылар бұл бастамаға белсенді қатысып, табиғатты қорғау – әрбір адамның азаматтық борышы екенін түсінді. «Жер сағаты» акциясы жас ұрпақтың бойында экологиялық сана мен жауапкершілікті нығайтуға өз үлесін қосты.