"Алғыс - ізгі ниет" челленджі » Жетісу облысы Көксу ауданы М.Құрманов атындағы №2 орта мектеп
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Медеубай Құрманов атындағы №2 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
27
февраль
2026

"Алғыс - ізгі ниет" челленджі

«Медеубай Құрманов атындағы №2 орта мектеп» КММ бойынша 

1 – наурыз алғыс айту күніне орай: «Алғыс – ізгі ниет» тақырыбында челлендж өткені туралы

АҚПАРАТ

1 наурыз – Алғыс айту күні – адам жүрегінен шыққан ең асыл сезімдердің бірі – ризашылық пен құрметтің мерекесі. Осы айтулы күн қарсаңында Медеубай Құрманов атындағы №2 орта мектептің “Өзін-өзі басқару” ұйымының белсенді мүшелері игі бастама көтеріп, аудан басшыларын арнайы барып құттықтады. 

Мереке қарсаңында Медеубай Құрманов атындағы №2 орта мектептің “Өзін-өзі басқару” ұйымының мүшелері ізгі ниетпен Көксу ауданының әкімі Халелов Даулет Кенжеханұлына, Көксу ауданының әкімінің орынбасары Зейнулда Абзал Секенұлына, Көксу ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы Кузбаев Қуат Жұмағұлұлына, AMANAT партиясы Көксу аудандық филиалының төрағасы Бейсенов Мәлік Аманбайұлына, Көксу ауданының прокуроры Аян Асылбек Аянұлына, Көксу АПБ бастығының орынбасары полиция подполковнигі Курмансеитов Ержан Еркадыровичке, Көксу аудандық орталық ауруханасының директорының орынбасары Кульдибаева Асемге, Көксу аудандық “ХҚКО” директоры Медет Құдайбергеновке және ауданымыздың төтенше жағдайлар қызметкерлеріне арнайы барып алғыстарын білдірді. Кездесу барысында ұйым мүшелері ізгі тілектерін айтып, ауданның дамуына қосып жатқан еңбектері үшін, жастарға көрсетіп отырған қолдаулары мен қамқорлықтары үшін ризашылықтарын білдірді.

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив