I, II ауысым бойынша оқушылардың сабаққа қатысуын қадағалау
«Медеубай Құрманов атындағы №2 орта мектебі» КММ
I – II ауысым бойынша оқушылардың сабаққа қатысуын қадағалау туралы
АҚПАРАТ
Мектепте оқушылардың сабаққа қатысуын жүйелі түрде бақылау мақсатында мектептің өзін-өзі басқару ұйымы, педагог-ұйымдастырушы және мектеп медбикесі бірлесе отырып жоспарлы жұмыстар жүргізуде.
Өзін-өзі басқару ұйымы тарапынан сынып старосталары арқылы күнделікті сабаққа қатысу мониторингі жасалып, себепсіз қалған оқушылар туралы мәліметтер анықталады. Аталған ақпарат педагог-ұйымдастырушыға уақытылы жеткізіліп отырады.
Педагог-ұйымдастырушы оқушылардың сабаққа қатысу көрсеткіштерін талдап, сынып жетекшілерімен және ата-аналармен байланыс орната отырып, түсіндіру және алдын алу жұмыстарын жүргізеді. Сабаққа себепсіз қатыспаған оқушылармен жеке әңгімелер өткізіліп, тәртіп пен жауапкершілік туралы түсіндірме беріледі.
Мектеп медбикесі денсаулық жағдайына байланысты сабақтан қалған оқушыларды тіркеп, анықтамалардың дұрыстығын қадағалайды. Сонымен қатар оқушылардың денсаулығын нығайту, аурудың алдын алу бағытында профилактикалық жұмыстар жүргізеді.
Аталған бірлескен жұмыстардың нәтижесінде оқушылардың сабаққа қатысуы тұрақтанып, жауапкершілік деңгейі арта түсті.