"Менің армандаған мамандығым" эссе байқауы
«Медеубай Құрманов атындағы №2 орта мектебі» КММ
«Менің армандаған мамандығым» тақырыбында эссе байқауы өткені туралы мәлімет
2025 жылғы қыркүйек айының апталық жоспарына сәйкес мектебімізде оқушылардың болашаққа деген көзқарасын қалыптастыру, мамандық таңдауға қызығушылығын арттыру және жазба тілін дамыту мақсатында «Менің армандаған мамандығым» тақырыбында эссе жазу байқауы өткізілді.
Оқушылар өз армандарындағы мамандықтар жайлы ойланып, неліктен дәл сол мамандықты таңдағанын, болашақта елге, қоғамға қалай пайдасын тигізгісі келетінін әсерлі тілмен баяндады.
Байқаудың мақсаты:
- Оқушылардың кәсіптік бағдарын айқындауға көмектесу;
- Жазбаша сөйлеу, ойды жүйелі жеткізу дағдысын дамыту;
- Жауапкершілік пен еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Қорытындысы: Эссе байқауы оқушыларға болашақ мамандық жайлы терең ойлануға мүмкіндік берді.