«Мектебім, саған мың алғыс» тақырыбында салтанатты жиын » Жетісу облысы Көксу ауданы М.Құрманов атындағы №2 орта мектеп
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Медеубай Құрманов атындағы №2 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Мектебім, саған мың алғыс» тақырыбында салтанатты жиын
23
май
2025

«Мектебім, саған мың алғыс» тақырыбында салтанатты жиын

Мектебімізде 2025 жылдың 23 мамыр күні сағат 9:00-де мектеп ауласында «Мектебім, саған мың алғыс» тақырыбында оқу жылының аяқталуына орай салтанатты жиын өтті. Жиынның салтанатты ашылуы барысында жүргізушілер мерекелік әнмен мектеп түлектерін салтанатты қарсы алды. Жиынға Көксу аудандық білім бөлімінің әдіскері Малтаева Анар Муратовна және мектебіміздің ата-аналар комитеті Рымбек Алуа қатысты. 

Барша жиынға қатысушылар орындарынан тұрып, мемлекеттік Гимн орындады. Құттықтау және марапаттау үшін сөз мектеп директоры Джексембиева Назерке Нурбакытовнаға берілді. Мектеп директоры түлектерге ақ жол тілеп, «Алтын белгіге» үміткерлер және «Ерекше үлгідегі» аттестатқа үміткер оқушыларды атап айтты. Сонымен қатар, жыл қорытындысы бойынша «Үздік педагог - 2025», «Үздік сынып жетекші - 2025», «Үздік оқушы - 2025» үздіктерді марапаттады.

Мектеп бітіруші түлектерге  1 - сынып оқушылары әсем әндерін арнады. Сондай-ақ, 11 - сынып бітіруші түлектері және «Алтын белгі» үміткерлері ұстаздарға, ата-аналарға және сыныптастарына деген жылы лебіздерін білдірді. Жиын мектеп бітіруші түлектердің қоштасу вальсімен және 1- сыныптың үздік оқушылары Ахжекей Ақсұлтан, Королева Диана және 11-сыныптың «Алтын белгі» үміткерлері Серікбекұлы Ақиық, Грачева Анастасияның  соңғы қоңырау үнімен аяқталды.

Жиын «Білімім - Отаныма» тақырыбындағы сынып сағаттарымен жалғасын тапты.




Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив