25
май
2026
«Заң және тәртіп – ұлттық Конституцияның құндылықтары»
1-11 сыныптарында «Заң және тәртіп – ұлттық Конституцияның құндылықтары» тақырыбында қорытынды тәрбие сағаты өткізілді.
Іс-шара барысында оқушылар заңдар мен ережелерді сақтаудың маңыздылығын талқылап, азаматтардың құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ құрмет, жауапкершілік және қоғамдағы тәртіп пен бірлікті сақтауға ықпал ететін құндылықтар туралы әңгімелесті.
Сондай-ақ оқушылар оқу жылының қорытындысын шығарып, есте қаларлық оқиғалар мен жетістіктерді еске алды және жазғы демалысқа арналған ұсынылған әдебиеттер тізімімен танысты.
