«Ойлан! Тап!» » Жетісу облысы Көксу ауданы М.Құрманов атындағы №2 орта мектеп
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Медеубай Құрманов атындағы №2 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
21
май
2026

«Ойлан! Тап!»

«Ойлан! Тап!» атты білім сайысы 5 «А», 5 «Ә», 5 «Г» сыныптары арасында жоғары деңгейде өткізілді. Сайыстың мақсаты — оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту және тапқырлыққа баулу.

Сайыс барысында оқушылар интеллектуалды сұрақтарға жауап беріп, түрлі логикалық тапсырмалар орындады. Қатысушылар өздерінің жылдам ойлай білетінін, білімділігін және ұйымшылдығын көрсетті. Әр кезең өте қызықты әрі тартысты өтті.

Оқушылар белсенді қатысып, өз сыныптарының намысын қорғады. Сайыс соңында үздік өнер көрсеткен сыныптар марапатталып, қатысушыларға алғыс білдірілді. Осындай білім додалары оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, білімге деген ынтасын арттыра түседі.
 
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив