Мектептің оқу жұмысы бойынша 2024-2025 оқу жылындағы қорытынды есебі » Жетісу облысы Көксу ауданы М.Құрманов атындағы №2 орта мектеп
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Медеубай Құрманов атындағы №2 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
16
июнь
2025

Мектептің оқу жұмысы бойынша 2024-2025 оқу жылындағы қорытынды есебі

2024-2025 оқу жылының қорытынды есебі


1.БІЛІМ АЛУШЫЛАР КОНТИНГЕНТІ 

1.1.Білім  алушылар контигентінің сандық құрамы 

       Деңгейлер бойынша, оның ішінде ерекше білім беру қажеттілігі бар білім алушылар контингенті туралы мәліметтер:

 Үйден оқитын 12 оқушы бар.

       Бағаланатын кезеңдегі білім алушылар контингенті туралы мәліметтерге тоқталатын болсақ,

         2024-2025 оқу жылын жалпы 1009 оқушымен бастап, оқу жылының соңында 1032 оқушы. Бастауыш мектеп бойынша – 386 оқушы, негізгі мектеп бойынша – 516, орта мектеп бойынша -130 оқушы.

     Сыныптардың толықтығы туралы мәліметтер

         2024-2025 оқу жылының басында «Медеубай Құрманов атындағы №2 орта мектебі» КММ-сі  бойынша оқу жылының басында 982 оқушы және МАД - 61, 53 комплект сынып бар. Сыныптың оқушылармен орташа толымдылығы 23-25 оқушы. Оқытудың бастауыш сатысында 1-4 сынып – 386 оқушы, (19 сынып-комплект), негізгі сатысында 5-9 сыныптар - 516 оқушы (25 сынып-комплект), жоғары сатысында 10-11 сыныптар - 130 оқушы (9 сынып-комплект)

«Көксу ауданының №12 облыстық психологиялық-медициналық-педагогтік консультациясы» КММ қорытындысы негізінде бейімделген жалпы білім беретін оқу бағдарламасымен 11  оқушы оқытылады. 

Бейімделген жалпы білім беретін оқу бағдарламасы бойынша (ЖОБ) жеке және арнайы оқу бағдарламасын жасап, арнайы педагог және пән мұғалімдері қосымша жұмыстар жүргізуде.

Мектепішілік бұйрыққа сәйкес арнайы педагогтар апталық сабақ кестесіне сәйкес балалардың үйіне барып сабақ өткізеді.

Сынып- комплект

Оқу жылы

1-4 сынып

5-9 сынып

10-11сынып

1-11 сынып

0-сынып

0-11 сынып

2023-2024

19

25

9

53

4

57


 

       2 жылдағы сынып санын салыстырғанда сынып комплектерінің саны өзгерді.

         Білім алушылар контингентінің қозғалысы туралы мәліметтер:

         2024-2025 оқу жылы 1009 оқушымен басталып, IV тоқсан  аяғында оқушылар саны  - 1032, қызы – 479.

Барлық оқушылар саны

Оқушыларсаны


2024-2025

Оқу жылының басында

1009

Келген оқушылар саны

15

Кеткен оқушылар саны

9

Оқу жылының соңында

1032

    








Әрбір білім алушыға оқушының жеке іс-қағазы рәсімделген, алфавиттік кітапта алфавиттік нөмір берілген. Оқушылардың келуі мен кетуі мектеп бұйрығымен, сондай-ақ ҰБДҚ электрондық жүйелерінде тіркелген. 

        Бағаланатын кезеңдегі білім алушылар контингентінің қозғалысы туралы мәліметтер қоса берілді. 

 Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын бағалау.

Оқу жұмыс жоспарлары мен ұйымдастырылған қызметтің Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген) Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 557 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8275 болып тіркелген) бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарының (бұдан әрі – ҮОЖ) талаптарына сәйкестігі;

      2024-2025 оқу жылында МАД-61 бала, 4 сынып комплектісі  бар. 0 «а» қазақ сыныбында 15 бала, 0 «ә» қазақ сыныбында 15 бала, 0 «б» қазақ сыныбында 15 бала, 0 «в» орыс сыныбында 16  бала.

МАД  жұмыс оқу жоспары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 12 мамырдағы №195 бұйрығының 1,2 қосымшасы негізінде жасалды.

Білім беру қызметін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығымен бекітілген  Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасына және білім беру бағдарламаларына (вариативті, жеке, бейімделген, қосымша) сәйкес іске асыру;

2024-2025 оқу жылында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 12 мамырдағы № 195 бұйрығының 1,2 қосымшасымен бекітілген мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес перспективалық жоспары мен апталық циклограммалары құрылған. 

   Оқытудың күтілетін нәтижелеріне жету мақсатында денсаулық сақтау, ойын технологиясын енгізу арқылы мектеп жасына дейінгі баланың денсаулығын сақтау және нығайту бойынша жұмысты жалғастыру міндеттеріне қол жеткізуге және дамытушы ойындарды қолдану арқылы балалардың құрдастарымен қарым-қатынас жасау, диалог құру дағдыларын қалыптастыруға, үлгі бойынша әңгіме құрастыра алуға, сөйлеуін дамытуға, танымдық қабілеттерін арттыруға бағытталды. 

 Мектеп жасына дейінгі тәрбиеленушілер қимыл, коммуникативтік, танымдық, шығармашылық, әлеуметтік білім, білік дағдыларын, сонымен бірге тәрбиелеу мен оқытуға психологиялық-педагогикалық жағдай жасау, мектеп жасына дейінгі тәрбиеленушілерді бастауыш білім беру ұйымдарында оқыту үшін тең бастапқы мүмкіндіктерді, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту және бастауыш білім беру арасында оқыту, дамыту, тәрбиелеу міндеттерін ескеріп, сабақтастық пен үздіксіздік ұстанымдарын қамтамасыз етіп, тәрбиеленушілердің жеке және жас ерекшеліктерін ескеріп, оқу қызметіне дайындау, креативтілікті, сыни ойлауды және командада жұмыс істей білуін перспективалық жоспарда жоспарлап қамтылдыОқу-тәрбие үрдісі «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы» негізінде жүзеге асырылады,  қосымша әдістемелік құрал ретінде бағдарламаға сәйкес әдістемелік-нұсқаулар, әдебиеттер, хрестоматиялар, журналдар, ақпараттық басылымдармен қамтылған.

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы №385 бұйрығымен бекітілген мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің үлгілік қағидаларының  сақталауы.

2024-2025 оқу жылында мектепалды даярлық сыныбында  4 педагог жұмыс жасайды. 

1.Мұратбекқызы Меруерт-Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі. Бастауышқа білім беру 2017ж.. Біліктілік беру сертификаты. «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту»2022ж.

2.Туран Надира- білімі арнаулы орта «Жаркент гуманитарлық-техникалық колледжі»МҚК  Бастауышқа білім беру 2012ж. Біліктілік беру сертификаты. «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту»2023ж. 

3. Досан Рина -

4.Гаджиева Динара Магометовна--«І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті» Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығы. 2021ж. Біліктілік беру сертификаты. «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту»2022ж. 

Баланың жеке даму мониторингін және оның жеке дамуын жоспарлауға негіз болуын қамтамасыз ететін мектепке дейінгі жастағы тәрбиеленушілердің оқу нәтижелерінің болуы:

  2024-2025 оқу жылдарына арналған балалардың жеке даму картасы жасалды. Даму картасында балалардың жеке және жас ерекшеліктерін ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнын меңгеру нәтижесінің даму деңгейлеріне бақылау жүргізілді. 

2024-2025 жылы 61 балаға жеке даму картасы жасалды. Педагог диагностиканың әрбір кезеңінен кейін баланың жеке даму картасында педагогикалық үдерістің міндеттерін анықтады. Оқушылардың физикалық қасиеттерді дамыту, коммуникативтік дағдылар дамыту, танымдық зияткерлік дағдыларды дамыту,әлеуметтік эмоционалды дағдыларды дамыту білім беру салалары бойынша зерттелді. Бақылау 3 кезеңнен тұрды.

1 кезең- Бастапқы бақылау. Қыркүйек айының 1-10 дейін өткізілді. Бұл кезең  бойынша қауіпсіздік ережелері туралы түсінік қалыптастырылды. Түрлі үйлесімділікте құрылған қазақ өрнегінің элементтерін салуды білді. Қағаз бетіне бағдарлай білуді, үзік және ирек  сызықтарды салуды игерді.

2 кезең- Аралық бақылау. Қаңтар айының 1-10 аралығында жүргізілді. 

Бұл кезеңде оқушылар жыл мезгілдерін, апта күндерін ретімен атап , ажыратып үйренуге жұмыстар жүргізілді. Дыбыстық талдау жасай білді. Сурет салуда оқу құралдарын дұрыс қолдануын , қазақтың ою өрнек элементтерін үйлесімді қолдана алды.

3 кезең- Қорытынды бақылау. Мамыр айының 1-10 аралығында жүргізілді. Дыбыстарды дұрыс ажыратады және сипаттайды. Қарапайым мысалдармен есептер шығара алады.Сәндік элементтермен заттарды безендіре алады. Оқушылардың сөздік қоры көбейді. Сөйлем құрай алды. Сөйлем сызбасымен жұмыс жасай алады

Тәрбиеленушілердің дамуын бақылау (бастапқы) нәтижелерінің болуы және талдауы:

  2024-2025 оқу жылдары  балалардың біліктері мен дағдыларының құзіреттілік даму мониторингінің нәтижесі көрсетілген және бастапқы бақылау парағы, жеке даму картасы толтырылып және жиынтық есебі жасалды. Әр оқу жылында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнын балалардың меңгерудегі бастапқы даму мониторингінің көрсеткіштері бекітілген тізімге сәйкес толық диагностика жүргізілген, бастапқы бақылау мониторинг нәтижелерінің жиынтық есебі жинақталды.

  Әр оқу жылында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнын балалардың меңгерудегі бастапқы даму мониторингінің көрсеткіштері бекітілген тізімге сәйкес толық диагностика жүргізілген (бастапқы) бақылау мониторинг нәтижелерінің жиынтық есебі жинақталған.

2024-2025 оқу жылында бастапқы мониторинг 49 баланы қамтыған.

І деңгей – 42 бала , 46 %, 

ІІ деңгей 10 бала – 40%.

ІІІ деңгей –9 бала - 12%; 

Үлгілік оқу жоспарының қосымшасына сәйкес балалардың жасын ескере отырып, тәрбиеленушілердің жетістіктерін бақылау нәтижелерінің болуы және талдауы (қорытынды)

2024-2025 оқу жылдарында 61 баланы қамтыды :

І деңгей – 42 бала – 86%,

ІІ деңгей- 10 бала – 8%, 

ІІІ деңгей –  9 бала; 6%.

МДТО ҮОЖ белгіленген тәрбиеленушілердің оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптарға сәйкестігі және сақталуы.

2024-2025  оқу жылдарының мектепалды сыныбы тәрбиеленушілерінің оқу жүктемесінің максималды көлемі мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты мен үлгілік оқу жоспарында бекітілген талаптарына сәйкес. 

Балалардың жасын ескере отырып, жас топтарын қалыптастыру кезінде талаптарды сақтау; 

2024-2025 оқу жылдарының мектепалды сыныбының тізімдері жас ерекшеліктеріне сәйкес жасақталып, мөрімен расталған.

2024-2025 оқу жылында 0А сыныбында барлығы 15 бала, оның ішінде 2018ж.-9 бала (6ж), 2019ж. -7 бала(5ж). сыныбында барлығы 15 бала, оның ішінде 2018ж.-7 бала (6ж), 2019ж. -8 бала(5ж). 0Б сыныбында барлығы 15 бала, оның ішінде 2018ж.-14 бала (6ж), 2019ж. -4 бала(5ж). сыныбында барлығы 18 бала, оның ішінде 2018ж.-14 бала (6ж), 2019ж. -4 бала(5ж).

Тәрбиеленушіні 1-сыныпқа қабылдағанға дейін МДТО үлгілік оқу бағдарламасын игеру бойынша талаптарды сақтау.

Бағаланатын кезеңдер бойынша мектепалды сыныбына қабылдау және шығару туралы ұсынылған бұйрықтардың негізінде және мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың біліктері мен дағдыларының тізбесін игеру бойынша оқыту нәтижелерін бағалауда тәрбиеленушіні 1-сыныпқа қабылдағанға дейін МДТО үлгілік оқу бағдарламасын игеру бойынша талаптары сақталды. 

      Білім беру ұйымының басшысы бекітілген жұмыс оқу жоспарының,  сабақ кестелерінің  бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарының және бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларының болуы және оларға сәйкестігі: 

          Мектеп өмірінің негізі жұмыстық оқу жоспары болып табылады. 

«Медеубай Құрманов атындағы №2 орта мектеп» КММ-сінің 2024-2025 оқу жылына арналған жұмыстық оқу жоспары Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық базасы негізінде әзірленді:

2024-2025 оқу жылында 

    Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 12 мамырдағы  № 195 бұйрығына  1,2 қосымшасына  сәйкес құрылды. Мектепалды тобына арналған жұмыс оқу жоспары ұсынылмады. Мектепалды тобының сабақ кестесінде 

Сауат ашу негіздері 3 сағат 

Математика негіздері 3 сағат

Сөйлеуді дамыту 2 сағат

Көркем әдебиет 2 сағат 

Музыка 2 сағат   

Қоршаған ортамен танысу 2 сағат

Қазақ тілі 2 сағат 

Дене шынықтыру 3 сағат 

Сурет салу,жапсыру , құрастыру мүсіндеу 1 сағат,

Жұмыс оқу жоспары, сабақ кестесі

 Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттары

     Үлгілік оқу жоспарының инварианттық және вариативтік компонентінің орындалуын растайтын 2024-2025 оқу жылға арналған сабақ кестелері, жұмыс оқу жоспарлары жинақталған, «күнделік» жүйесінде   журналдар толтырылған, сағат сандары  жұмыстық оқу жоспарына сәйкес келеді. Бағаланатын кезеңнің оқу жылдарында оқушылардың апталық инварианттық және вариативтік компоненттегі оқу жүктемелері «Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы №604 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығы) максималды көлеміне сәйкес. 

       2024-2025 оқу жылында 1-4 сынып 19 , 5-9 сынып 25, 10-11-де 9   сынып комплектісі  бар. 1-4 cыныптардың  оқу жұмыс жоспары ҚР Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 18 тамыздағы   №264 бұйрығының 1,2 -қосымшасы негізінде жасалған. 1-4 сынып бойынша жалпы сағат саны 531 сағатты құрады, оның ішінде топқа бөлу бойынша сағат саны – 39 сағат. 5-9 cыныптардың  оқу жұмыс жоспары ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 12 тамыздағы  №365 бұйрығының 6,7-қосымшасы негізінде жасалған. 5-9 сынып бойынша жалпы сағат саны 1111 сағатты құрады, оның ішінде топқа бөлу бойынша сағат саны – 175 сағат. 10-11 сыныптар ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 30 қыркүйектегі № 412   бұйрығының 38,39,40,41 -қосымшасына сай жасалынған, жалпы сағат саны – 323 сағат, оның ішінде топқа бөлу жаратылыстану-математикалық бағыттың таңдау пәндерінде жүзеге асырылып, 12 сағатты құрады. 

        Білім алушылардың апталық оқу жүктемесінің ең жоғары көлемі әр сыныпта жұмыстық оқу жоспарында бекітілген сағат санынан  аспайды. Атап айтқанда: 

2024-2025 оқу жылында

1сынып оқу жүктемесінің ең жоғарғы шекті көлемі-18,5сағат(қаз),20,5 (орыс); 

2 сынып оқу жүктемесінің ең жоғарғы шекті көлемі-22 сағат(қаз), 22 (орыс); 

3 сынып оқу жүктемесінің ең жоғарғы шекті көлемі-25 (қаз), 25 сағат (орыс);

4 сынып  оқу жүктемесінің ең жоғарғы шекті көлемі-25 (қаз), 27 сағат (орыс);

5 сынып оқу жүктемесінің ең жоғарғы шекті көлемі-28 (қаз),29 (орыс) сағат; 

6 сынып оқу жүктемесінің ең жоғарғы шекті көлемі-28 (қаз),29 (орыс) сағат; 

7 сынып оқу жүктемесінің ең жоғарғы шекті көлемі-31 (қаз),32 (орыс) сағат; 

8сынып оқу жүктемесінің ең жоғарғы шекті көлемі-32 сағат(қаз),33 (орыс); 

9 сынып оқу жүктемесінің ең жоғарғы шекті көлемі-33сағат(қаз),34 (орыс); 

10 ЖМБ  сыныптарда оқу жүктемесінің ең жоғарғы шекті көлемі-32 /34 сағат;

10 ҚГБ  сыныптарда оқу жүктемесінің ең жоғарғы шекті көлемі -31/34 сағат;

11 ЖМБ  сыныптарда оқу жүктемесінің ең жоғарғы шекті көлемі-32/34 сағат;

11 ҚГБ  сыныптарда оқу жүктемесінің ең жоғарғы шекті көлемі-31/34 сағат;

Білім алушылардың инвариантты және вариативті компоненттерін құрайтын оқу жүктемесінің жалпы көлемі, сондай-ақ сыныптар бойынша апталық және жылдық оқу жүктемесі үлгілік оқу жоспарымен белгіленеді.

  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген жалпы білім беретін пәндер бойынша үлгілік оқу бағдарламаларына (бұдан әрі-ОБ үлгілік оқу бағдарламалары) сәйкес жүзеге асырылатын оқу пәндерінің базалық мазмұнын игерді.

Жалпы білім беретін пәндер бойынша үлгілік оқу бағдарламаларына

сәйкес жүзеге асырылатын оқу пәндерінің базалық мазмұнын игеру;

       Оқу бағдарламасын жүзеге асырудың мақсаттары:

- Жаңартылған мазмұн жағдайында білім беру мазмұнын жетілдіру, мемлекеттік стандарт талаптарына сәйкес білім берудің жаңа сапасын қамтамасыз ету;

- Бейіндік пәндер бойынша білім алушыларды қосымша оқытуды қамтамасыз ететін басым бағыттар бойынша мазмұнды кеңейту және тереңдету;

- Оқушы тұлғасының даралығына, өзіндік ерекшелігіне, бірегейлігіне, өзіндік ерекшелігіне қалыптасуы мен дамуына бағыт беру;

- Оқушыларды   функционалдық сауаттылыққа, өз бетінше және зерттеу   жұмыстарына бағыттау;

- Білім беру үдерісін ақпараттандыру деңгейін және мұғалімдер мен оқушылардың ақпараттық мәдениетін арттыру;

- Оқу жоспарының инвариантты және вариативті бөліктерінің, сондай-ақ оқушылардың сабақтан тыс жұмыстарының бірін-бірі толықтыруын қамтамасыз ету;

- Оқу бағдарламасын жүзеге асыруда алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу келесі негізгі міндеттерді шешуді көздейді:

- Бастауыш жалпы, негізгі жалпы, орта жалпы білім берудің сабақтастығын қамтамасыз ету;

- Жоғары сапалы негізгі жалпы білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету;

- Оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың оқу процесінің әртүрлі формаларының тиімді үйлесімін, оның барлық қатысушыларының өзара әрекетін қамтамасыз ету;

-  Оқушылардың, оның ішінде дарынды балалардың қабілеттерін анықтау және дамыту;

- Оқушылардың физикалық, психологиялық және әлеуметтік денсаулығын сақтау және нығайту, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Үлгілік оқу жоспарының оку пәндерінің  орындалуын растайтын бағаланған кезеңге арналған сабақ кестелері, жұмыс оқу жоспарлары жинақталған, Күнделік.kz. жүйесіндегі журналдар толтырылған.

2024-2025 оқу жылында  күнтізбелік-тақырыптық жоспар оқу пәндері бойынша жарияланып, мереке күндерінің сабақтары кіріктіріліп жүргізілді.

1.Бұйрық №324 02.09.24ж. 

2.Бұйрық №327 12.05.25ж. 

2024—2025 оқу жылында келесі ретпен бағыттар бойынша бөлінді:

сыныбы

Бала саны

Оқыту тілі

Бағыты

1

10 А

18

қазақша

ЖМБ

2

10 Ә

26

қазақша

ҚГБ

3

10 Б

13

орысша

ЖМБ

4

10 В

11

орысша

ҚГБ

5

11 А

18

қазақша

ЖМБ

6

11 Ә

17

қазақша

ЖМБ 

7

 11 Б

6

қазақша

ҚГБ

8

11 В

10

орысша 

ЖМБ

9

11Г

6

орысша

ҚГБ

9

Барлығы 

68

Қазақша- 4 сынып

4- сынып



57

Орысша -5 сынып

5 сынып

Ерекше білім беру қажеттілігі бар білім алушылардың ерекшеліктерін және жеке мүмкіндіктерін ескере отырып оқыту процесін ұйымдастырылды.

Дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы және ОПМПК қорытындысы негізінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыға үйден білім беру ұйымдастырылды. 

2024-2025 оқу жылы   оқушы саны -11. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 30 қыркүйек № 412 бұйрығымен тиісті тараулар бойынша  үйде жеке тегін оқытудың жұмыстық оқу жоспары бекітіліп іске асырылды. 

1) Жексенбекқызы Б. 2а сынып оқушысы. Жұмыс оқу жоспары № 412  бұйрық 9 тарау бойынша, апталық жүктемесі 8 сағат. ОПМПК берілген күні 18.08.2024ж.  Дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы №119/1. берілген күні 31.07.2024ж.

2) Пилипенко В. 3г сынып оқушысы. Жұмыс оқу жоспары № 412  бұйрық 9 тарау бойынша, апталық жүктемесі 8 сағат. ОПМПК берілген күні 13.11.2024ж.  Дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы №190/2. берілген күні 28.11.2024ж.

3) Наурызұлы Р. 5г сынып оқушысы, Жұмыс оқу жоспары №412 бұйрық 54-қосымша бойынша, апталық жүктемесі 14сағат. ОПМПК берілген күні 29.06.2024ж. Дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы №93/2, берілген күні 07.06.2024ж.

4) Шурупов Д. 6а сынып оқушысы, Жұмыс оқу жоспары №412 бұйрық 10 тарау   бойынша, апталық жүктемесі 10 сағат. ОПМПК берілген күні 05.07.2024ж. Дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы №106/1, берілген күні 05.07.2024ж

5) Асамбек Б. 9а сынып оқушысы, Жұмыс оқу жоспары №412 бұйрық 55-қосымша бойынша, апталық жүктемесі 19 сағат. ОПМПК берілген күні 17.08.2024ж. Дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы №137/9, берілген күні 05.09.2024ж

 6) Әзімбай Н.  9 ә сынып оқушысы, Жұмыс оқу жоспары №412 бұйрық 55-қосымша бойынша, апталық жүктемесі 19 сағат. ОПМПК берілген күні  27.10.2024жДәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы №127/3, берілген күні 21.08.2024ж.

7) Тоқтарбай Ж. 9б сынып оқушысы.   Жұмыс оқу жоспары №412  бұйрық 9 қосымша 10 тарау  бойынша, апталық жүктемесі 10 сағат. ОПМПК берілген күні 06.06.24ж. Дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы №88/2, берілген күні 31.05.2024ж.

8) Веселкова Д. 9г сынып оқушысы, Жұмыс оқу жоспары №412бұйрық 10-қосымша, 10 тарау   бойынша, апталық жүктемесі 10 сағат. ОПМПК берілген күні 06.06.2024ж. Дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы №82/1берілген күні 23.05.2024ж.

9) Бардин Н. 9г сынып оқушысы, жұмыс оқу жоспары №412 бұйрық 10 қосымша 11 тарау бойынша, апталық жүктемесі 10 сағат. ОПМПК берілген күні 26.05.2024ж. Дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы №84/1, берілген күні 25.05.2024ж.

10) Гулямов Юсуп9в сынып оқушысы, жұмыс оқу жоспары Үлгілік оқу жоспары жаңа редакцияда – ҚР Оқу-ағарту министрінің 26.10.2023 № 323 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен, апталық жүктемесі 16 сағат. ОПМПК берілген күні 26.05.2024ж. Дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы №84/1, берілген күні 25.05.2024ж.

11) Шурупов Константин 9г сынып оқушысы, жұмыс оқу жоспары Үлгілік оқу жоспары жаңа редакцияда – ҚР Оқу-ағарту министрінің 26.10.2023 № 323 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен, апталық жүктемесі 16 сағат. ОПМПК берілген күні 26.05.2024ж. Дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы №84/1, берілген күні 25.05.2024ж.

11) Ревин Артем   2г сынып оқушысы, Жұмыс оқу жоспары №412 бұйрық 54-қосымша бойынша, апталық жүктемесі 14 сағат. ОПМПК берілген күні 29.06.2024ж. Дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы №93/2, берілген күні 07.06.2024ж.

     Қорытынды   2024-2025 оқу жылдағы үйден оқытылатын және ерекше білімді қажет ететін  оқушылардың дәрігерлік-сараптама құжаттары толық көрсетілді.

ҮОЖ сәйкес жүзеге асырылатын вариативтік компоненттің 

        таңдау курстары мен факультативтерін  іске асыру;

      Білім алушылардың вариативті компоненттің факультативтері мен таңдау курстарынан тұратын оқу жүктемесінің жалпы көлемі, сондай-ақ сыныптар бойынша апталық және жылдық оқу жүктемесі жұмыстық оқу жоспарында белгіленген. Бағаланатын кезеңге мектептің бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларына және мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына негізделіп құрылған жұмыстық оқу жоспарларында, сабақ кестелерінде, күнтізбелік-тақырыптық жоспарларда, күнделік жүйесінде вариативтік компоненттерді оқыту іске асырылған. 

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 5 желтоқсандағы № 486 бұйрығының 2-қосымша 7-тарау талаптарына сәйкес вариативтік компоненттің элективті және таңдау курстарын іске асырылды. 

«Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығы негізінде элективті курс-оқушылардың әртүрлі танымдық қызығушылығын қанағаттандыратын, профильдің мазмұнын толықтыратын, оқу жоспарының жаңа элементі. Элективті курс кез келген тақырыпта қамтылды, яғни жалпы білім бағдарламасының шекарасында жататын тақырыптар алынды. 

Білім алушылардың инвариантты және вариативті компонентін (арнайы білім беру ұйымы үшін түзету компоненті) құрайтын оқу жүктемесінің жалпы көлемінің, сондай-ақ ҮОЖ-мен белгіленген сыныптар бойынша апталық және жылдық оқу жүктемесінің сәйкестігі және сақталуы.

Мектептің бағаланатын кезеңнің оқу жылдарына арналған үлгілік оқу жоспарының инварианттық және вариативтік компонентінің орындалуын растайтын сабақ кестелері, жұмыс оқу жоспарлары жинақталған, «күнделік» жүйесінде  журналдар толтырылған, апталық және жылдық оқу жүктемелері үлгілік оқу жоспарында белгіленген сыныптар бойынша сәйкес, талаптар сақталған. Білім алушылардың апталық және жылдық оқу жүктемесі инвариантты және вариативті компоненттер бойынша үлгілік оқу жоспарымен анықталған оқу жұмыстарының барлық түрлерін қамтиды.

      Мектептің 1-11 сыныптардың апталық және жылдық оқу жүктемелері үлгілік оқу жоспарында белгіленген сыныптар бойынша сәйкес, талаптар сақталған. 

2024-2025 оқу жылында 1-4-сыныптарда оқу жүктемесінің ең жоғары көлемі қазақ сыныптарда 25 сағаттан, орыс сыныбында 26 сағаттан,  5-9-сыныптарда  қазақ сыныптарында 34 сағаттан, орыс сыныптарында 35 сағаттан, аспайды.

1-11-сыныптарда білім алушылардың инвариантты және вариативті компоненттерден тұратын оқу жүктемесінің жалпы көлемі, сондай-ақ сыныптар бойынша апталық және жылдық оқу жүктемесі үлгілік оқу жоспарына,стандартка сәйкес мектептің оқу жұмыс жоспарларында, сонымен қатар сабақ кестелерінде, сынып журналдарында белгіленген. 

Сыныптарды, оның ішінде инклюзивті білім беру шеңберінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушылардың ерекшеліктерін ескере отырып, топтарға бөлуге қойылатын талаптарды сақтау.

 Бастауыш білім беру деңгейінде сыныпты екі топқа бөлу қалалық жалпы білім беретін ұйымдарда сыныптарда білім алушылар саны 24 және одан артық болғанда:

1)      оқыту орыс тілінде жүргізілмейтін сыныптарда орыс тілі бойынша;

2)       оқыту қазақ тілінде жүргізілмейтін сыныптарда қазақ тілі бойынша;

3)      шетел тілі бойынша;

4)      цифрлық сауаттылық бойынша;

    Негізгі орта  білім беру деңгейінде сыныпты екі топқа бөлу қалалық білім беру ұйымдарында сыныптарды 24 және одан да көп білім алушы болғанда:

1) орыс тілі мен әдебиеті – орыс тілінде оқытылмайтын сыныптарда;

2) оқыту қазақ тілі мен әдебиеті - қазақ тілінде оқытылмайтын сыныптарда;

3) шетел тілі;

4) информатика;

5) көркем еңбек

Жалпы  орта  білім беру деңгейінде сыныпты екі топқа бөлу қалалық білім беру ұйымдарында сыныптарды 24 және одан да көп білім алушы болғанда:

1) орыс тілі мен әдебиеті – орыс тілінде оқытылмайтын сыныптарда;

2) шетел тілі;

3) информатика;

2024-2025 оқу жылында 

Бастауыш білім беру деңгейінде сыныпты екі топқа бөлу қалалық жалпы білім беретін ұйымдарда сыныптарда білім алушылар саны 24 және одан артық болғанда:

1) оқыту орыс тілінде жүргізілмейтін сыныптарда орыс тілі бойынша:

 2а,2ә,2б,3а,3ә,4а сыныптар;

2) оқыту қазақ тілінде жүргізілмейтін сыныптарда қазақ тілі бойынша:

 2г,4б сыныптар;

3) шетел тілі бойынша;

 3а,3ә,4а сыныптар;

4)цифрлық сауаттылық бойынша;

 2а,2ә,2б, 2г,3а,3ә,4а,4б  сыныптар;

Негізгі орта  білім беру деңгейінде сыныпты екі топқа бөлу қалалық білім беру ұйымдарында сыныптарды 24 және одан да көп білім алушы болғанда:

1) орыс тілі мен әдебиеті – орыс тілінде оқытылмайтын сыныптарда;

 5а, 5ә, 5б, 6а, 6ә,  6г, 6д, 7а,7ә, 7б, 8а, 8ә, 8б, 9а, 9ә, 9б сыныптар;

2) оқыту қазақ тілінде жүргізілмейтін сыныптарда қазақ тілі бойынша:

 5в, 6б, 6в, 8б, 9в сыныптар;

3) шетел тілі;

 5а, 5ә, 5б, 6а, 6ә,  6г, 6д, 7а,7ә, 7б, 8а, 8ә, 8б, 9а, 9ә, 9б, 5в, 6б, 6в, 8б, 9в сыныптар;

4) информатика;

5а, 5ә, 5б, 6а, 6ә,  6г, 6д, 7а,7ә, 7б, 8а, 8ә, 8б, 9а, 9ә, 9б, 5в, 6б, 6в, 8б, 9в сыныптар;

5) көркем еңбек:

5а, 5ә, 5б, 6а, 6ә,  6г, 6д, 7а,7ә, 7б, 8а, 8ә, 8б, 9а, 9ә, 9б, 5в, 6б, 6в, 8б, 9в сыныптар:

Жалпы  орта  білім беру деңгейінде сыныпты екі топқа бөлу қалалық білім беру ұйымдарында сыныптарды 24 және одан да көп білім алушы болғанда:

1) орыс тілі мен әдебиеті – орыс тілінде оқытылмайтын сыныптарда;

10ә  сынып;

2) шетел тілі;

10ә сынып;

3) информатика;

10ә  сынып;

2024-2025  оқу жылында   9 сыныпты барлығы – 110 оқушы аяқтады.    Негізгі мектеп бітіруші түлектердің -15 түлегі үздік аттестат иегері болды. Олар: Бекқызы Аяжан, Тоқтасын Ұлжан, Азаматқызы Арай, Азаматқызы Нұрай, Мұратқызы Бақсила, Нұрдынқызы Ариза, Оспанәліқызы Риза, Швырева Ева, Калантаров Эмиль, Калантарова Джамиля. Акуличев Захар, Етимова  Рамина, Гусенов  Аббас, Бадалова Айлин, Огай Климентий. 

       11 сыныпты   барлығы – 60 оқушы аяқтады. Оның ішінде 7 оқушы Кан  Камила, Грачева Анастасия, Мырзахмет Марал, Серікбекұлы Ақиық, Ахжекей Ақәділ, Әділ Асылай, Даулетқызы Нұрсәуле

  «Алтын белгі» белгісімен, 2 оқушы үздік аттестат иегері болды. Олар: Гусенова Низара, Калантаров Амир.

    «Білім класс» жүйесіндегі  журналдарында оқу пәндері бойынша білім алушыларға  қорытынды аттестаттау жүргізілген. Мектеп бойынша білім алушылардың аралық және қорытынды аттестаттау хаттамаларының көшірмесіндегі бағалар білім класс жүйесіндегі  журналға қойылған.

Негізгі орта, жалпы орта білім беру деңгейінде оқу курсы үшін емтихан хаттамасы қоса берілді.

   Білім алушылардың білімін бағалау өлшемшарттарына сәйкес білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалауды жүзеге асыру мен формативті және жиынтық бағалау талаптарын сақтау.

      Жиынтық бағалауды өткізуде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығымен бекітілген Орта білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 12 мамырдағы № 193 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулармен және  әр оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» нұсқау хаты негізінде   жиынтық бағалауды өткізу кезінде қойылатын талаптарды басшылыққа ала отырып, әр тоқсан сайын  мектепішілік бұйрықты басшылыққа ала отырып, жиынтық бағалау өткізу кестесі құрылған. Пәндер бойынша  2-11 сынып білім алушыларынан тоқсандық жиынтық бағалаудың тапсырмалары тоқсандық жиынтық бағалау спецификасы негізінде алынып,тексеріледі.

       Әр пән бойынша  тоқсандық жиынтық бағалау жұмыстарына талдау  «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі №130 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген «Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы № 382 бұйрығына  сәйкес  талдау жасалынып, сараланған, қорытынды бағасы бағалау шәкіліне қарай нақтыланып, балл   көрсеткіші kundelik.kz. электрондық журналына қойылған. Күнделік жүйесіндегі сынып журналдарында ағымдағы бағалардың, 2-11 сынып білім алушыларында тоқсандық және жылдық бағалардың болуы, сондай-ақ белгілі бір оқу кезеңі (тоқсан, оқу жылы) аяқталғаннан кейін өткізілетін жиынтық бағалауды жүргізу қорытындылары бойынша жиынтық бағалауды және талдауды, оқу бағдарламасына сәйкес бөлімдерді/өтпелі тақырыптарды зерделеуді растайтын материалдар жинақталған. Бағаланатын кезеңнің оқу жылдары бойынша барлық пәндер бойынша білім алушылардың білімін бағалау өлшемшарттарына сәйкес білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалауды жүзеге асыру мен қалыптастырушы және жиынтық бағалау талаптарын сақтау  жолға қойылған.

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы №348 бұйрығымен бекітілген бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №29031 болып тіркелген) талаптарына сәйкес ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушыларды оқыту кезінде инклюзивті білім берудің (дамудың бұзылуын түзету және әлеуметтік бейімдеу) талаптарын орындау.

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы №348 бұйрығымен бекітілген бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты талаптарына сәйкес ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушыларды оқыту кезінде инклюзивті білім берілуіне сәйкес 2024-2025 оқу жылында ерекше білімді қажет ететін инклюзивті білім алушылар болды. 

2024-2025 оқу жылы

Аты - жөні

Туған жылы

Сынып

Білім беру бағдарламасы мен ерекше білім беру қажеттіліктері бойынша ұсынымдар

1

Алтымбай Ерхан 

26.12.2016ж

Бейімделген жалпы білім беру бағдарламасы

2

Алёхин Иван

10.02.2011ж


Жеке бағдарлама

3

Молдрахман Аруназ 

11.07.2012ж

5 Б

Бейімделген жалпы білім беру бағдарламасы

4

Кулиев Эльнур

06.05.2014ж


4 Б

Жеке бағдарлама

5

Кулиева Фахрия

27.01.2016ж

3 Г

Бейімделген жалпы білім беру бағдарламасы

6

Лазарев Андрей

30.01.2014ж

5 В

Бейімделген жалпы білім беру бағдарламасы

7

Поломошнев Егор

13.08.2014ж

4 Б

Бейімделген жалпы білім беру бағдарламасы

8

Оразалинов Мирас 

05.04.2017ж

1 Ә

Бейімделген жалпы білім беру бағдарламасы

9

Тәңірберген Аяжан

10.07.2012ж

6 Ә

Бейімделген жалпы білім беру бағдарламасы

10

Мамедов  Муслим

21.08.2013ж

Жеке оқу бағдарламасы

11

Велиев Эрхан

24.03.2011ж

Жеке оқу бағдарламасы

12

Науразова Хадиджа

15.06.2018ж

Бейімделген жалпы білім беру бағдарламасы

4,9-сыныптардың білім алушыларымен күтілетін оқу нәтижелеріне қол жеткізуін айқындау және тиісті білім деңгейінің мемлекеттік жалпы білім беру стандартының талаптарында көзделген білім беретін оқу бағдарламаларын меңгеру бойынша оқыту нәтижелерін бағалау. 

Талдау үшін ұсынылған құжаттарды зерделеу кешенді тестілеуге оқыту нәтижелерін бағалауға жататын белгілі бір білім беру деңгейі контингентінің жалпы тізімдік құрамының 100%-ы қатысты көрсетті 

(4 сынып бойынша 87 оқушы, қатыспағаны 2 (20%), 9 сынып бойынша 110 оқушы, қатыспағаны 7 (70%), жалпы мектеп бойынша тестілеуге 197 оқушының 188 оқушысы қатысты. Барлығы 90% қатысты. 

Бақылаудағы білім қималарының қорытындысы бойынша барлық тестіленетін пәндер бойынша 4-сынып  білім алушыларының оң жауаптарының үлесі 51,2% -ды, 9-сынып  білім алушыларының оң жауаптарының үлесі 49,5%-ды құрады. 

Сынып

Оқушылардың жалпы саны

Қатысты

Қатысқандардың үлесі %

Бағалар саны «2»

Бағалар саны «3»

Бағалар саны «4»

Бағалар саны «5»

Оң нәтиженің үлесі

40%-дан аз

40-64%

65-84%

85-100%

4

87

85

100

31

44

16

1

51,2 %

2

9

110

103

99

25

48

7

-

49,5 %

Оқу мерзіміне өлшемшарттар 

Тиісті деңгейдегі жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын игеру мерзіміне қойылатын  талаптарды сақтау;

     Мектепте мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес бастауыш білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламасын меңгеру мерзімі-төрт жылды, негізгі орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламасын меңгеру мерзімі-бес жылды, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламасын игеру мерзімі-екі жылды құрайды. 

    Сыныптар бойынша оқу жылының ұзақтығына және күнтізбелік  жылдағы демалыс уақытының ұзақтығына қойылатын талаптарды сақтау;

             Мектепте мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқу жылының ұзақтығы 2024-2025 оқу жылында   1-сыныпта-33 оқу аптасын, 2-11-сыныптарда 34 оқу аптасын құрайды. Оқу жылындағы каникул уақытының ұзақтығы кемінде 30 күнді құрайды. 

         Каникулдар оқу жылында үш рет-күзде, қыста және көктемде беріледі. 

1-сыныптың білім алушылары үшін үшінші тоқсанда ұзақтығы бір апта болатын қосымша каникул уақыты беріледі. Бағаланатын кезеңнің оқу жылдары бойынша білім беру ұйымымен ұсынылған педагогикалық кеңес хаттамасының, мектеп директорының бұйрығының көшірмелерінде, сынып журналдарында оқу жылының және каникул уақытының мерзімдері көрсетілді.



ДОІЖО                            Р.К.Байгалиева

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив