ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТ (ҚАЗАҚ) ӘБ ЖЫЛДЫҚ ЕСЕБІ » Жетісу облысы Көксу ауданы М.Құрманов атындағы №2 орта мектеп
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Медеубай Құрманов атындағы №2 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
28
май
2026

ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТ (ҚАЗАҚ) ӘБ ЖЫЛДЫҚ ЕСЕБІ

Медеубай Құрманов атындағы №2 орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігінің

2025-2026 оқу жылында  жүргізілген жұмыстары  туралы жылдық есебі


Қазақ  тілі мен әдебиеті пән бірлестігінде 2025-2026 оқу жылының басынан 6 мұғалім жұмыс істейді: Оналбекова Ш.К., Курманова Г.К., Есжанова А.К., Жакупова А.Т., Жанайбекова А.Т., Бердиева А.М. Әдістемелік бірлестіктің жаңа оқу жылына арналған жоспары жасалып, бекітілген. Тамыз айының отырысында   2024-2025 өткен  оқу жылының әдістемелік бірлестігінің жылдық жұмыс жоспары бойынша атқарылған жұмыстың қорытынды есебі талқыланып, 2025-2026 оқу жылына арналған ҚР Оқу-ағарту министрлігінің әдістемелік нұсқау хатымен және өзгерістер мен толықтырулар енгізілген заңдармен таныстырылған.

2025-2026 оқу жылына арналған әдістемелік бірлестіктің отырыс жоспарлары мен пән бойынша тақырыптық-күнтізбелік, элективті курс жоспарларын бағдарламаға сай жасалуы тексеріліп, бекітілген.

2025-2026 оқу жылында тақырыптық-күнтізбелік жоспары "Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім деңгейлерінің таңдау курстарының үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 16 қыркүйектегі № 399 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 5 шiлдедегi № 199 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 14 шiлдеде № 33078 болып тіркелді.Тақырыптық-күнтізбелік жоспар оқу бағдарламасына сай келеді. Қыркүйек айында оқу бағдарламасын, әдістемелік-нұсқаулықлық хатын басшылыққа ала отырып жылдық күнтізбелік-тақырыптық жоспар құрылып, бекітілген.

Қыркүйек айының екінші аптасынан бастап оқушылардан нөлдік қима тапсырмалары алынып, талдауы жасалған. 

      2025-2026 оқу жылының  тақырыптық-күнтізбелік жоспарын Қазақстан Республикасының Оқу - ағарту министрлігінің 2022 жылғы 16 қыркүйектегі № 399 бұйрығына оқу бағдарламасына сай   жасалып, бекітілді. Осы оқу жылының басынан жоспар бойынша 2 отырыс болды. Отырыста пән мұғалімі Жанайбекова А.Т. «Оқушылардың оқу сауаттылығын қалыптастырудың тиімді әдіс-тәсілдері» тақырыбында баяндама жасады. 5-11 сыныптарда  әр тоқсан сайын жоспарлы түрде   2 ББЖБ,  ТБЖБ алынды. Қорытындысы шығарылып, БЖБ,ТЖБ талдауы жасалды. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша 5-11 сыныптар аралығында  білім сапасы 61-62  пайызды құрайды.

      Жоспарға сай  Медеубай Құрманов атындағы №2 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пән   бірлестігінің мұғалімдері 2025 жылдың 5-19 қыркүйек  аралығында Қазақстан халқы тілдер күніне арналған мектепішілік іс-шаралар ұйымдастырылды. Тіл  апталығының ашылуына бірлестік мұғалімдері әдістемелік бұрышын безендірді. Тілдер мерекесіне  арналған   іс-шаралар биылғы жылғы атаулы даталарға арналды. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Г.К.Курманова мен А.Т.Жанайбекова «Мақал сөздің азығы, жұмбақ ойдың қазығы»тақырыбында  сыныптан тыс сайыс сабағы өткізді. Мақсаты:Мақал - мәтел – ата бабамыздан қалған өшпес мұра. Көлемі жағынан шағын болғанмен, мағынасы терең, құны қымбат қазына. Мақал - мәтел – тәрбиелік мәні зор, рухани байлық туралы мағлұмат беру. Білімдерін жүйеге келтіріп пысықтау, мақал – мәтелдерді орынды қолдану дағдыларын қалыптастыру. Тіл – қай ұлтта қай елде болса да құдіретті, қастерлі. Ана тілімізді дамытып, орыс тілін қолданып, ағылшын тілін үйренеміз деген мақсатпен оқушылардың қызығушылықтарын арттыру. 


 Пән мұғалімі Оналбекова Ш.К. «Тіл білгірі» атты сайыс сабақ өткізді. Сайыстың мақсаты:  Оқушыларды туған халқының тілін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу, тілге деген құрметін, қызығушылығын  дамыту, достық қарым – қатынасқа, ой ұшқырлығы мен тапқырлыққа, өз ұлтын сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу; оқушылардың логикалық ойлау, есте сақтау және шешім қабылдау қабілеттерін дамыту; танымдық белсенділігін арттыру, пәнге қызығушылығын ояту;топпен жұмыс істеу, жауапкершілік пен ұйымшылдық дағдыларын қалыптастыру;  Сайыс бірнеше кезеңнен тұрды:1. «Таныстыру» , 2. «Зымыран сұрақтар», 3. «Жеті жұрттың тілін біл», 4. «Жүйрік болсаң, шауып көр», 5. «Ойлы болсаң, озып көр». Оқушылар тапсырмаларды қызығушылықпен орындап, белсенділік танытты.


Пән мұғалімі Есжанова А.К. "Тілім менің - тірегім" мәнерлеп оқу сайысын өткізді. Мақсаты: Оқушылардың мемлекеттік тілге деген сүйіспеншілігін арттыру, қазақ тілінің мәні мен маңызын терең түсіндіру, мәнерлеп, көркем оқу дағдыларын дамыту, сахна мәдениеті мен сөйлеу шеберлігін жетілдіру, отансүйгіштікке, ұлттық рухқа, тілге құрметпен қарауға тәрбиелеу. Пән мұғалімі Жакупова А.Т. «Ахмет Байтұрсынов -қазақ тілтану ғылымының атасы» атты сыныптан тыс іс-шара өткізді.  Мақсаты: Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығын, тіл біліміне қосқан үлесін таныту, қазақ тілінің ғылым ретінде қалыптасуындағы Ахмет еңбегінің маңызын ашу, оқушылардың ұлттық рухын оятып, тарихи тұлғаларға деген құрмет сезімін қалыптастыру, зерттеушілік қабілетін дамыту, шығармашылыққа баулу, тілге, әдебиетке, ғылымға қызығушылығын арттыру.

ӘБ бойынша  жетістіктер:

Оналбекова Ш.К. «Оқу-ағарту, бюджеттік ұйымдар,ғылым мен жоғары білім қызметкерлерінің «Жетісу» жергілікті кәсіподағы» ҚБ «Білім саласындағы көп жылғы еңбегі, еліміздің жарқын болашағы-өскелең ұрпаққа өнегелі тәрбие мен сапалы білім берудегі шығармашылық жетістіктері үшін» Құрмет грамотасы,Талдықорған қаласы, 2025 жыл.

Оналбекова Ш.К. «Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасы» ММ «Тіл» оқу- әдістемелік орталығы» КММ ҚР Президентінің Жолдауына орай ұйымдастырылған «Жасанды интеллект және тіл үйрену: болашақтың мүмкіндіктері» атты облыстық семинар жұмысына қатысқанын растайтын Сертификат, тіркеу №003, 2025 жыл. 

Оналбекова Ш.К. «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының «Алматы облысы бойынша кәсіби даму институты» филиалының Жетісу облысы бойынша өкілдігі «Педагогикалық идеялар панорамасы» республикалық байқауының аймақтық кезеңіне қатысқаны үшін Сертификат, 25HBAGPD, 2025 жыл

Оналбекова Ш.К. Қазақстан Республикасы Ғылым және Жоғары Білім министрлігі халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының  ұйымдастыруымен өткен «Ұлттық диктант» жобасына қатысқаны үшін Алғыс хат, KZ-0674741594, 16.107 2025 жыл.

Оналбекова Ш.К. Қазақстан Республикасы Ғылым және Жоғары Білім министрлігі,«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ «Оқу үдерісі және ЖИ: генеративті модельдер мен промт-инжиниринг өнері» бағдарламасы бойынша онлайн оқудан өткендігін растайтын Куәлік, 12.09.2025 жыл. 

Оналбекова Ш.К. «Кемел Тоқаевтың қазақ  әдебиетіндегі   рөлі» аудандық дарынды балалар арасындағы шығармашылық байқауының "Жазушы ізімен  жас қаламгер" бағытында І орын Бауыржан Алан,  2025 жыл 

Оналбекова Ш.К.«К.Тоқаевтың қазақ  әдебиетіндегі  рөлі» аудандық дарынды балалар арасындағы шығармашылық байқауының "Кемел Тоқаев туындылары –ұлттық туындылығымыз»  бағытында жүлделі І орын иеленгені үшін мектеп оқушыларының командасы, 2025 жыл

Оналбекова Ш.К. «Кемел Тоқаевтың қазақ   әдебиетіндегі  рөлі»  атты дарынды балалар арасындағы облыстық шығармашылық байқауының "Жазушы ізімен - жас қаламгер" бағыты бойынша 10-11 сыныптар арасында  ІІ орын иегері Бауыржан Алан, Диплом №009193, 30 қыркүйек 2025 жыл 

Оналбекова Ш.К. «К.Тоқаевтың қазақ   әдебиетіндегі  рөлі» атты дарынды балалар арасындағы облыстық шығармашылық байқауының "Кемел Тоқаев туындылары –ұлттық туындылығымыз»(сахналық қойылым)  бағыты бойынша 10-11 сыныптар арасында  жүлделі ІІІ орын иеленгені үшін мектеп оқушыларының командасы, Диплом, №009203, 2025 жыл

Оналбекова Ш.К. «К.Тоқаевтың қазақ  әдебиетіндегі   рөлі» атты дарынды балалар арасындағы облыстық шығармашылық байқауына белсене қатысқаны үшін 9-сынып оқушысы Серік Қадір,  Сертификат, №009289 30.09.2025 жыл.

Оналбекова Ш.К. «К.Тоқаевтың қазақ  әдебиетіндегі   рөлі» атты дарынды балалар арасындағы облыстық шығармашылық байқауына белсене қатысқаны үшін 11-сынып оқушысы Бауыржан Алан,  Сертификат, №009230, 30.09.2025 жыл.

Оналбекова Ш.К. «К.Тоқаевтың қазақ  әдебиетіндегі   рөлі» атты дарынды балалар арасындағы облыстық шығармашылық байқауына белсене қатысқаны үшін 9-сынып оқушысы Мағазбекқызы Наз,  Сертификат, №009288, 30.09.2025 жыл.

Оналбекова Ш.К. «К.Тоқаевтың қазақ  әдебиетіндегі   рөлі» атты дарынды балалар арасындағы облыстық шығармашылық байқауына белсене қатысқаны үшін 9-сынып оқушысы Аршын Ерқанат,  Сертификат, №009290, 30.09.2025 жыл.

Оналбекова Ш.К. «К.Тоқаевтың қазақ  әдебиетіндегі   рөлі» атты дарынды балалар арасындағы облыстық шығармашылық байқауына белсене қатысқаны үшін 11-сынып оқушысы Өмірбек Ақеділ,Сертификат, №009291, 30.09.2025 жыл.

Есжанова А.К. «Ақберен» аудандық конкурс ұлттық аспапта өнер көрсету ІІІ дәрежелі 


Курманова Г.К. Қазақстан Республикасы Ғылым және Жоғары Білім министрлігі,«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ «Оқу үдерісі және ЖИ: генеративті модельдер мен промт-инжиниринг өнері» бағдарламасы бойынша онлайн оқудан өткендігін растайтын Куәлік, 30.08.2025 жыл. 

Курманова Г.К. «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының «Алматы облысы бойынша кәсіби даму институты» филиалының Жетісу облысы бойынша өкілдігі «Педагогикалық идеялар панорамасы» республикалық байқауының аймақтық кезеңіне қатысқаны үшін Сертификат, 25HBARYX, 2025 жыл

Курманова Г.К. ҚР Оқу-ағарту министрлігінің 2011 жылғы 7 желтоқсандағы №514 бұйрығына сүйене отырып, «Akberen Education» - Ақберен ркпубликалық танымдық-шығармашылық журналы ұйымдастырған 5-11 сынып оқушылары арасында республикалық «Қазақ тілі» олимпиадасына жеңімпаз тәрбиелеп, белсенділік танытқаны үшін АЛҒЫС ХАТ. 15.10.2025ж. Тіркеу нөмірі: AOJ-000557

Курманова Г.К. ҚР Оқу-ағарту министрлігінің 2011 жылғы 7 желтоқсандағы №514 бұйрығына сүйене отырып, «Akberen Education» - Ақберен ркпубликалық танымдық-шығармашылық журналы ұйымдастырған 5-11 сынып оқушылары арасында республикалық «Қазақ тілі» олимпиадасына қатысып, І орын иеленгені үшін Қайрат Зере маратталады. 15.10.2025ж. Тіркеу нөмірі: ABO-005113.

Курманова Г.К. ҚР Оқу-ағарту министрлігінің 2011 жылғы 7 желтоқсандағы №514 бұйрығына сүйене отырып, «Akberen Education» - Ақберен ркпубликалық танымдық-шығармашылық журналы ұйымдастырған 5-11 сынып оқушылары арасында республикалық «Қазақ тілі» олимпиадасына қатысып, І орын иеленгені үшін Әзілжан Сара маратталады. 15.10.2025ж. Тіркеу нөмірі: ABO-005084

Курманова Г.К. ҚР Оқу-ағарту министрлігінің 2011 жылғы 7 желтоқсандағы №514 бұйрығына сүйене отырып, «Akberen Education» - Ақберен ркпубликалық танымдық-шығармашылық журналы ұйымдастырған 5-11 сынып оқушылары арасында республикалық «Қазақ тілі» олимпиадасына қатысып, І орын иеленгені үшін Еркінәліқызы Айбала маратталады. 15.10.2025ж. Тіркеу нөмірі: ABO-005075

Жанайбекова А.Т. Қазақстан Республикасы Ғылым және Жоғары Білім министрлігі,«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ «Оқу үдерісі және ЖИ: генеративті модельдер мен промт-инжиниринг өнері» бағдарламасы бойынша онлайн оқудан өткендігін растайтын Куәлік, 12.09.2025 жыл. 

Жакупова А.Т. Қазақстан Республикасы Ғылым және Жоғары Білім министрлігі,«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ «Оқу үдерісі және ЖИ: генеративті модельдер мен промт-инжиниринг өнері» бағдарламасы бойынша онлайн оқудан өткендігін растайтын Куәлік, 12.09.2025 жыл. 

Қазақ тілі мен әдебиеті әдістемелік пән   бірлестігінің 2025-2026 оқу жылының 24.11.-05.12.2025 жыл аралығында «Тіл – ұлттың жаны, әдебиет – рухтың шамы» атты қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігінің онкүндігі өтті. Мақсаты: қазақ тілі мен әдебиетінің мол мұрасымен кеңінен таныстыру, пәннің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру, тілдің мемлекеттік мәртебесін қалыптастыру. Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге үлес қосу. Қазақ халқының  әдебиетін негізге ала отырып, көркем әдеби шығармалардағы кейіпкерлердің игі істерін насихаттау арқылы елжандылыққа, адамгершілікке, бауырмалдыққа тәрбиелеу. Тілін, елін сүйе білуге үйрету.

24.11.2025 жылы мектебімізде   әдістемелік жылдық жоспарға сәйкес «Тіл — ұлттың жаны, әдебиет — рухтың шамы» атты қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің онкүндігінің ашылуы өтті. Ашылу салтанатында жағымды психологиялық ахуал жасалып, ойындар ұйымдастырылып, мектеп ұстаздары мен оқушыларына жақсы көңіл-күй сыйлап, алдағы болатын іс-шараларға белсене қатысулары сұралды. Ұстаздар мен оқушыларымыз белсенділік танытып, әр дұрыс жауаптар үшін марапатталып отырды.

Инстаграмм: https://www.instagram.com/reel/DRcToS9ioOK/?igsh=M3g0bzZqZ2F6aGJz 

        2025 жылдың 26-қараша күні мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Жанайбекова Аружан Төлентайқызы мен Курманова Гулим Кайратовна 8-сыныптармен  «Әдеби детектив» атты сайыс сабақ өтті. Мақсаты: Оқушылардың әдеби шығарманы терең талдау, мәтіннен айғақ табу, ой қорыту, кейіпкер әрекетін түсіндіру және оқиға желісін реконструкциялау дағдыларын дамыту, шығармашылық ойлауды, дәлелдеу мәдениетін, топпен жұмыс істеуді және әдеби мәтінді интерпретациялау қабілетін жетілдіру.

Инстаграмм: https://www.instagram.com/reel/DRhayFKCgAx/?igsh=ZnA0cm05ZGFyd3No 

        2025 жылдың 27-қараша күні мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Оналбекова Шынар Канабековна 7 «А» сыныбымен «Сөздің пірі – Сүйінбай» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақтың тақырыбы: «Сөздің пірі – Сүйінбай».Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты:7. 2. 4.1 шығармадағы оқиға желісін өзіндік көзқарас тұрғысынан дамытып жазу;Сабақтың мақсаты: шығармадағы оқиға желісін өзіндік көзқарас тұрғысынан дамытып жаза алады.     

Сабақ барысында оқушылар   «Оқиға картасы», «Сюжеттік маршрут», «Күймен көркемделген оқиға» әдістері арқылы топтық жұмысты  жүзеге асырды. Функционалдық сауаттылықты  арттыру мақсатында «Тұжырым картасы»  бойынша жағдаяттық тапсырмалар орындап, оқушылар  өз пікірлерін білдіре алды.  Оқу мақсатын жүзеге асыру үшін «Фанфик» (креативті жазу) әдісімен шығармашылық тапсырма орындалды. Сабақта оқушылар шығармашылық ізденімпаздық пен белсенділік танытты. ЖИ арқылы жасалған тапсырмалар білім алушылардың қазақ әдебиетіне, білімге деген құштарлығы  мен қызығушылығы артты.

Инстаграмм: https://www.instagram.com/reel/DRmXhSOCr28/?igsh=YmNlNXZ0NDExMmg4


        2025 жылдың 27-қараша күні мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Есжанова Алтынай Козыбековна  5 «Г» сыныбымен Ыбырай Алтынсарин «Қыпшақ Сейітқұл». Сейітқұл – еңбек адамы тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақтың тақырыбы: Ыбырай Алтынсарин «Қыпшақ Сейітқұл». Сейітқұл – еңбек   Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты: 5.1.2.1- әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау; Сабақтың мақсаты: Әдеби шығарманың жанрына қарай фабуласы және сюжеттік дамуын сипаттайды; Әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтайды.

Сабақ барысында оқушылар «Оқиғалар картасы», «Адасқан сөздер», «Mega SMART» арқылы жеке, жұптық, топтық тапсырмалар орындады.Сабақта оқушылар шығармашылық ізденімпаздық пен белсенділік танытты. ЖИ арқылы жасалған тапсырмалар білім алушылардың қазақ әдебиетіне, білімге деген құштарлығы мен қызығушылығын арттырды.

Инстаграмм: https://www.instagram.com/reel/DRkEABTCl3v/?igsh=d2tub3Z3anR6ZWQ4 


2025 жылдың 01-желтоқсан  күні мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Курманова Гулим Кайратовна 8 «А» сыныбымен Шәкәрім Құдайбердіұлы «Еңлік-Кебек» дастаны тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақтың тақырыбы: Шәкәрім Құдайбердіұлы «Еңлік-Кебек» дастаны Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты: Т/Ж. 8.1.1.1 -әдеби шығарманың жанрына байланысты сюжеттік желілерін, эпилог, прологтарды  анықтау.Сабақтың мақсаты: Әдеби шығарманың жанрына байланысты сюжеттік желілерін, эпилог, прологтарды  анықтайды. 

Сабақ барысында оқушылар «5 W» , «Куәгер көрсетпесі» , «Құпия код» , "Айғақтар папкасы", «Дау-дамай соты» әдістері арқылы жеке, жұптық, топтық тапсырмалар орындады.Сабақта оқушылар шығармашылық ізденімпаздық пен белсенділік танытты. ЖИ арқылы жасалған тапсырмалар білім алушылардың қазақ әдебиетіне, білімге деген құштарлығы мен қызығушылығын арттырды.

Инстаграмм: https://www.instagram.com/reel/DRugOF4CgJ_/?igsh=N3pjNThpa2Fxancz

      2025 жылдың 02-желтоқсан  күні мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Есжанова Алтынай Козыбековна 6 «А» сыныбымен «Тіл жүйрікте, кім жүйрік?» тақырыбында сыныптан тыс іс-шара өткізді. Мақсаты: Оқушылардың қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен білімдік деңгейлерін байқау, саралау, еңбексүйгіштік, адалдық борыш, ар-ұят секілді адами қасиеттерге тәрбиелеу, ана тілі арқылы оқушылардың рухани дүниесін, шығармашылық қабілетін арттыру;

     Іс-шара барысында оқушылар қазақ тілі бойынша білімдері мен жылдамдықтарын сарапқа салып, түрлі кезеңдер бойынша сынға түсті.Қазылар алқасы барлық кезеңдерді ұпаймен бағалап, нәтижесінде үздік шыққан оқушыларды анықтап, дипломдармен марапаттады.

Инстаграмм: https://www.instagram.com/reel/DR0H_LLioBu/?igsh=NDlvcTlhbTQxN2I1 


   2025 жылдың 03-желтоқсан  күні мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жанайбекова Аружан Төлентайқызы 6 «Б» сыныбымен «Тарих қойнауында» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақтың тақырыбы: Тарих қойнауында Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты: 6.1.1.1 мәтіннің атауын талқылау және алғашқы бөлігін тыңдау арқылы көтерілетін мәселені болжау;  6.4.3.1 көнерген сөздердің қолданыс аясын түсіну және ажырата білу.Сабақтың мақсаты: Мәтіннің атауын талқылау және алғашқы бөлігін тыңдау арқылы көтерілетін мәселені болжайды;  Көнергенсөздердің қолданыс аясын түсінеді және ажырата біледі;

Сабақ барысында оқушылар «Менің бүгінгі сабақтағы мақсатым...» , «Сиқырлы кітаптар»,  «Құпия код», «Тарих қойнауынан хат», «Атаудың жаңғыруы», «Архив құпиясы», «3 бөлік постер», .«ЖЕТІ ЖАРҒЫНЫ ҚҰР!» әдістері арқылы жеке, жұптық, топтық тапсырмалар орындады.Сабақта оқушылар шығармашылық ізденімпаздық пен белсенділік танытты. ЖИ арқылы жасалған тапсырмалар білім алушылардың қазақ әдебиетіне, білімге деген құштарлығы мен қызығушылығын арттырды.

     2025 жылдың 03-желтоқсан  күні мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Оналбекова Шынар Канабековна, Курманова Гулим Кайратовна,  Жанайбекова Аружан Төлентайқызы 7- сыныптармен «Балалық әлемінің бағбаны – Бердібек» тақырыбында сыныптан тыс іс-шара өткізді. Мақсаты: Бердібек Соқпақбаевтың балалар әлемін суреттеудегі шеберлігін анықтау, шығармадағы кейіпкер дауысы, мінезі, әрекеті арқылы авторлық идеяны түсіну, «Менің атым Қожа» шығармасынан алынған эпизодтарды креативті форматта сахналаусалыстыру, талдау, оқушылардың көркем мәтінді қабылдау, талдау, интерпретация жасау дағдыларын дамыту.

Инстаграмм: https://www.instagram.com/reel/DR2QaYbir1X/?igsh=NGhvbG0zbnRmMHNj

     2025 жылдың 04-желтоқсан  күні мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Оналбекова Шынар Канабековна 9 «А» сыныбымен  «Жүлде кімге бұйырады?» тақырыбында сыныптан тыс іс-шара өткізді. Мақсаты: қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша оқушылардың білімін саралау, ойлау қабілетін дамыту, тапқырлықты әне жылдам шешім қабылдау дағдыларын жетілдіру, оқушылардың пәнге және білім алуға деген ынтасын арттыру.

Инстаграмм: https://www.instagram.com/reel/DR2kD5MikTQ/?igsh=ZDBuY2NhcWR3aDlk

05.12.2025 жылы мектебімізде  әдістемелік жылдық жоспарға сәйкес сәйкес «Тіл — ұлттың жаны, әдебиет — рухтың шамы» атты қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің онкүндігінің жабылу салтанаты өтті. Жабылу салтанатында  ойындар ұйымдастырылып, мектеп ұстаздарымен ойындар ойнады. Ұстаздар белсенділік танытып, әр тапсырмалар үшін марапатталып отырды.

Инстаграмм: https://www.instagram.com/reel/DR4qzkACvZp/?igsh=ZGF6NDUzbXR5MG1w

  Іс-шараларға  ДӘІЖ орынбасары Керімбекова А.Е. мен жас мамандар қатысты, мұғалімдерге кері байланыс берілді.

        ІІ тоқсан бойынша жоспарланған іс-шаралар жүзеге асырылды. Кестеге сәйкес БЖБ, ТЖБ жұмыстары алынды. Мектепішілік пән олимпиадасы өткізілді.Қатысқаны 30 оқушы, жүлделі орын алған оқушылар мектепішілік мақтау қағаздарымен марапатталды.     

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша өткізіліп жатқан іс-шараларға оқушыларымыз бен ұстаздарымыз   біршама жүлдеге ие болды. Жасөспірімдер арасындағы Бейсен Құранбек атындағы шығармашылық байқауында аудандық кезеңінде «Журналистика – жас тілші көзімен» бағытында жүлделі І орынды иеленгені үшін 10-сынып оқушысы Қаирхан Бейбарыс марапатталды, Жасөспірімдер арасындағы Бейсен Құранбек атындағы шығармашылық байқауында аудандық кезеңінде «Блиц-турнир» бағытында жүлделі ІІ орынды командасы иеленді,   жетекшісі Жакупова Айгуль Тохановна. Жасөспірімдер арасындағы Бейсен Құранбек атындағы шығармашылық байқауында облыстық кезеңінде жүлделі ІІІ орынды иеленгені үшін 10-сынып оқушысы Қаирхан Бейбарыс марапатталды, жетекшісі Жакупова Айгуль Тохановна. 


 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдер арасындағы олимпиададан аудандық кезеңде І иеленгені үшін Курманова Гулим Кайратовна марапатталады. Облыстық кезеңде қатысушы сертификатын алды.

Дарын ғылыми жоба аудандық кезеңінде Тоқтасын Ұлжан І орынды иеленгені үшін марапатталды, жетекшісі Оналбекова Шынар Канабековна.

Дарын ғылыми жоба аудандық кезеңінде Тілеуқазы Інжу ІІ орынды иеленгені үшін марапатталды, жетекшісі Курманова Гулим Кайратовна.

5-6 сыныптар арасындағы аудандық қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен олимпиадада Ризабек Аягөз ІІІ орынды иеленгені үшін, жетекшісі Есжанова Алтынай Козыбековна.

     Білім берудегі жасанды интеллект: инновациялық технологиялар мен оқу үдерісінің цифрлық трансформациясы (80 академиялық сағат)

9-ақпанда  пән мұғалімі   Есжанова А.К.  5-8-сыныптар арасында  «Мұқағали-мәңгілік ғұмыр» атты   жыр байқауын ұйымдастырды. Жыр байқауына оқушылар белсене қатысты. Мақсаты: ақиық ақын, артына айрықша өшпейтін із қалдырған Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасай отырып, М.Мақатаевтың поэзиясының халыққа кең таралуының мәні және оның өміршеңдігінің сыры неде екенін таныту, сезіндіру, шығармашылығының музыкасымен үндесу ерекшелігін, ақынның сөзіне жазылған әндері көпшілік назарына ұсыну. Жыр байқауында үздік шыққан оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды.

Сонымен қатар оқушыларымыз түрлі жыр  байқауларына қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Жалпы орта білім беретін мектеп оқушыларының арасында өткен  аудандық І.Жансүгіров оқуларының     «Жаз! Жаз! Қалам жорғалап» бағыты бойынша 10 «Б»   сынып оқушысы Қайырхан Бейбарыс  ІІІ орынды, «Заманның заңғар тұлғасы» бағыты бойынша 10 «Б» Ділдабек Аяна ІІІ орынды,         «Ілияс-қарасөз шебері» бағыты бойынша 10 «Ә» Жеңісхан Амангүл ІІ орынды иеленді, Жетекшісі Оналбекова Ш.К. 

Жалпы орта білім беретін мектеп оқушыларының арасында өткен аудандық Әбіш оқулары» республикалық ғылыми-шығармашылық конкурсында          «Сахналық қойылым  бағыты бойынша ІІ орынды, «Зерделеу жобасы» бағыты бойынша 10-сынып оқушысы Тоқтасын Ұлжан І орынды, «Мәнерлеп оқу» бағыты бойынша 10-сынып оқушысы Рақыш Майра  ІІ орынды иеленді, Жетекшісі  Бердиева А.М.          

Жалпы орта білім беретін мектеп оқушыларының арасында  Әбіш оқулары» республикалық ғылыми-шығармашылық конкурсының облыстық кезеңінде  «Шығармашылық жұмыс. Ә.Кекілбаевтың шығармалары бойынша зерделеу  жоба байқауы» бағыты бойынша 10-сынып оқушысы Тоқтасын Ұлжан ІІІ орынды иеленді, Жетекшісі  Бердиева А.М.  

Аудандық «Жарқын болашақ» қазақ тілі олимпиадасында «Сөз шеберлері» бағыты бойынша ІІ орынды Аршынқызы Лила, «Жас қаламгер» бағыты бойынша ІІІ орынды Тұрлан Ақбота, жетекшісі Есжанова Алтынай Козыбековна

           Жалпы білім беретін мектеп оқушылар арасында «Мұқағали Мақатаев оқулары» аудандық байқауында «Дариға, домбырамды берші маған» номинациясында ІІІ орынды Оралбек Гулина, «Жыр эстафетасы» номинациясында ІІІ орынды Жәрденбек Зере, «Көкірегімде жыр сәулесі маздайды» номинациясында ІІІ орынды Қанапия Әлия иеленді. Жетекшісі Есжанова Алтынай Козыбековна.

Жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында өткен аудандық Абай оқуларының «Сөз өнеріндегі ұлы Абай бейнесі» номинациясында жүлделі  І орын иеленгені үшін 8-сынып оқушысы Тохтар Айша марапатталды, жетекшісі Жанайбекова А.Т. 

Жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында өткен аудандық Абай оқуларының «Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы»  номинациясында жүлделі ІІ орын иеленгені үшін 10-сынып оқушысы Қайырхан Бейбарыс  марапатталды, жетекшісі Жанайбекова А.Т.

Аудандық «Жалынды жастар» жас мамандар слетінде «Мәнерлеп оқу және монолог» байқауы бағыты бойынша жүлделі ІІІ орын иегері қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жанайбекова А.Т. марапатталды. 

8-11 сынып мектеп оқушылар арасында «Абай оқулары» республикалық шығармашылық конкурсының облыстық кезеңіне қатысқаны үшін 8-сынып оқушысы Тохтар Айзат сертификатпен марапатталды,  жетекшісі Жанайбекова А.Т.

«Медеубай Құрманов атындағы №орта мектеп директоры Джексембиева Н.Н.   «Білім саласындағы еңбегі, еліміздің жарқын болашағы-өскелең ұрпаққа өнегелі тәрбие мен сапалы білім берудегі шығармашылық жетістіктері үшін» қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жанайбекова А.Т. Құрмет грамотасымен мараппатады.

SWOT-талдау

Күшті жақтары

Әлсіз жақтары

1.Пән мұғалімдері  оқытудың әдіс-тәсілдері мен ЖИ  меңгерген.

2. Облыс, аудан көлемінде  іс-тәжірибе таратады.

3. Оқушылар облыстық, аудандық жыр байқауларынан жүлделі орындарға ие болды.

4. Пән олимпиадасы мен ғылыми жоба жұмыстары бойынша жүлделі орындар алды.

5. Пән мұғалімдері кәсіби байқаулар  мен қоғамдық іс – шараларға белсенділікпен қатысты.


1.Кей жағдайда пән мұғалімдерінің  ҚМЖ құрастыруда оқу мақсатына сәйкес оқыту әдістерін  дұрыс таңдамағандығы  кездеседі.

2.Сабақ барысында     бағалау мен кері байланыс     жүйелі түрде  жүргізілмейтіндігі байқалады.


Мүмкіндіктері

Қауіп-қатерлері

1.Пән мұғалімдерінің платформалармен жұмыс жасау мүмкіндігі мол.

2. Әр түрлі ресурстарды пайдалана алады.

3.Өз тәжірибесінің нәтижесімен бөлісе алады.



1.Білім сапасының төмендеуі;

2.Оқушылардың сабаққа қызығушылығының жоғалуы;





ӘБ жетекшісі  Оналбекова Ш.К.




Похожие публикации:

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив