«М.Қүрманов атындағы № 2 орта мектеп» КММ-нің педагогикалық ұжымы ӘБ отырыстарында, әдістемелік кеңес отырысында және мектеп кітапханада Қазақстан Республикасы Президенті Қ.К.Тоқаевтың Парламенттің кезекті сессия отырысындағы кезекті Жолдауымен таныс
«М.Қүрманов атындағы № 2 орта мектеп» КММ-нің педагогикалық ұжымы ӘБ отырыстарында, әдістемелік кеңес отырысында және мектеп кітапханада Қазақстан Республикасы Президенті Қ.К.Тоқаевтың Парламенттің кезекті сессия отырысындағы кезекті Жолдауымен танысты.
Мектеп директоры Н.Алимбаланова, ДӘІЖО А.Джумагулова, ДТӘЖО М.Абдраманова, ӘБ жетекшілері, мектеп кітапханашы А.Свининникова мемлекет басшысының жыл сайынғы дәстүрлі түрде берілетін Жолдауының негізгі тараулары бойынша қысқаша сипаттама беріп кетті.
Президент өз сөзінде Жаңа, Әділетті Қазақстанды құру жолындағы саяси жаңғыру экономикалық реформалардың бағдарын атап өтті.
Еліміздің басты құндылығы – адам. Бұл – айқын нәрсе. бәсекелестікті дамыту, яғни бәріне бірдей мүмкіндік беру.
Маңызды мәселенің бірі – білім беру. Бұл сала ұлт сапасын жақсарту ісінде аса маңызды рөл атқарады.
Қазақта «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген сөз бар. Сондықтан, мектепке дейінгі тәрбие жұмысы басты назарда болуы керек. Өз ісіне адал ұстаздар білім беру саласының дамуына зор үлес қосады. Орта білімнің сапасы – табысты ұлт болудың тағы бір маңызды шарты. Әрбір оқушының білім алып, жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасалуға тиіс. Сол үшін «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қолға алынды.Білім сапасын жақсарту, мұғалімдердің біліктілігін арттыру мәселесі, буллингке қарсы, балаларға көрсетілген зорлық-зомбылықтарға қатаң шара қолдану керек деді. 5 жастан асқан балаларға арналған «Келешек» атты бағдаралма қолға алынады, Бұл олардың келешегіне салынатын инвестиция.Цифрлық экономикаға басымдық беріледі. Елдің экономикасының өсуін әр азамат сезіне білу керек. Әділетті Қазақстанды құрамыз десек, ең бастысы қоғамдық сана, азаматтық көзқарасымыз өзгеруі керек, кез келген арандатушылыққа тосқауыл қоюымыз керек, Әрбір Қазақстан азаматы отаншыл, үнемшіл, адал, әділ болуы керек.
Осы бүгінгі таңда ең өзекті деп танылған мәселелер бойынша атқарылған және атқарылатын жұмыстардың деңгейін көрсетіп берді.👉👉👉
