Құрметті мектеп ұжымы! Ата-аналар! Сіздерді Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Құрметті мектеп ұжымы! Ата-аналар! Сіздерді Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Баршаға жан шуағы мен жайдары көңіл-күй сыйлайтын бұл мереке өткенімізді саралап, ертеңімізді бағамдайтын керемет сәт. Биылғы жыл еліміз үшін санамызға сілкініс, өмірімізге өзгеріс әкелген, ерен еңбегімізді жемісті еткен елеулі жыл болды. Халқымызда «Өткен жылға өкпе жоқ, келер жылдан үміт көп» деген даналы сөз бар. Біз қашанда өткенге салауат айтып, болашақтан жақсылық күтетін халықпыз.Жаңа жыл - тың бастамалар мен жоспарлардың кезеңі. Әр адамның арман-тілектерін, сенімін еселеп, болашағына үлкен үміт артатын шақ. Барша халық асыға күтетін осы мерекеде әр шаңыраққа ырыс пен ынтымақ ұялап, бақ-береке дарысын деп тілеймін! Айдан аман, жылдан есен болып, еліміздің өрісі кеңейіп, табысы таси берсін! Жаңа жыл құтты болсын!👏👏👏
