Қазақстан темір жолының өн бойында 16 мамырдан 16 маусымға дейін жарияланған «Темір жол – қауіпті аймақ» айлығы өтіп жатыр.
Қазақстан темір жолының өн бойында 16 мамырдан 16 маусымға дейін жарияланған «Темір жол – қауіпті аймақ» айлығы өтіп жатыр. Әсіресе жазғы демалысқа шыққан балалар теміржол маңын ойын алаңына айналдырмас үшін жер-жерде профилактикалық жұмыстар басталды.2022 жылдың маусымның 3 күні Мектебіміздің 4-8 сынып оқушыларымен кездесу өткізілді.Оқушыларымыз өздерінің дайындаған жол ережеге байланысты қойылым көрсетті. Кездесуде теміржолшылар мен полиция капитаны балаларды қауіп-қатерден сақтандырып, жол бойында тәртіп сақтауға шақыруда. «Тентек» станциясында өткен кездесуде балаларға өткен-кеткен пойыздарға тас атып, рельс үстіне шеге, басқа да заттар қойып қызықтаудың соңы ауыр қылмыстық оқиғаға апарып соғатыны түрлі мысалдармен түсіндірілді. Бұдан бөлек, станция бастығы М.Кустаубаев ,инженері ПЧ-45 Ж.Унгаров , Полиция капитаны М.Нурасыл.Теміржол аймақтары қауіпті аймақ болып саналады. Ондай жерлермен жүргенде жаяу жүргінші де, көлік жүргізушісі де жолда жүру ережесін есте сақтап, абай болу керек. Жаяу жүргіншілер,көлік жүргізушілері де теміржол жолдарын поезға жол бере отырып, тек қана теміржол өтпелері бойымен кесіп өте алатындығын. Теміржол өтпесіне кіру жолында жүргінші жол белгілерінің,бағдаршамның, шлагбаумның орналасуын және өтпе бойынша кезекшінің нұсқауын басшылыққа алуға жақындап қалған поездың жоқ екендігіне көз жеткізуге міндетті екенін түсіндіріп өтті.
#Алматыоблысымектеппарламенті
#МОНРК
#РУМЦДО
#ШерРаисаПетровна
#қосымшабілімберу
#АлматыОблысыныңБілімБасқармасы
#Мектептегі_өзінөзібасқару
#самоуправление
#Балаларжылы2022
#Годдетей2022
#өзін_өзібасқару
#школьное_самоуправление.
@rumcdo_official
@sherraisa
@koksu_bilim
