Жазғы мектеп аясында әр күн оқушылардың уақыттарын көңілді өткізуіне арналған іс-шаралар жоспары құрылып, белгілі тақырыпта ұйымдастырылды. Әр ауысымда іс-шара жоспарларын жасауда психологиялық-педагогикалық, экологиялық, дене шынықтыру, азаматтық
Жазғы мектеп аясында әр күн оқушылардың уақыттарын көңілді өткізуіне арналған іс-шаралар жоспары құрылып, белгілі тақырыпта ұйымдастырылды. Әр ауысымда іс-шара жоспарларын жасауда психологиялық-педагогикалық, экологиялық, дене шынықтыру, азаматтық-патриоттық және көркемдік-әдептілік қызметіндегі талаптар негізінде жасақталады. Іс-шара барысында ойындар, сайыстар, әдеби кештер, кездесулер, саяхаттар, көрмелер және т.б. түрлі іс – шаралар ұйымдастырылды. Мектебіміздің 1-4 сынып оқушыларымен мектеп аумағына көкке шықты,қызықты ойындар жүргізілді.
Күтілетін нәтижелер:
• балалардың денсаулығын нығайту;
• мектеп оқушыларының дене шынықтыру және спорт сабақтарына қызығушылығын дамыту;
• қарым-қатынас, мәдениет, демалудың әлеуметтік тәжірибесін кеңейту;
• қоғамдық-пайдалы еңбек дағдысын қалыптастыру;
• қоршаған орта бөлшегі ретінде өзіне саналы қарауды қалыптастыру.
#koksu_bilim
#көксубілімбөлімі
#өзін_өзібасқару
#школьное_самоуправление
#МОНРК
#РУМЦДО
#балаларжылы2022
#годдетей2022
#қосымшабілімберу
#Алматыоблысымектеппарламенті
#алматыоблысыныңбілімбасқармасы
#ШерРаисаПетровна
