«Оқуға құштар мектеп» жобасы » Жетісу облысы Көксу ауданы М.Құрманов атындағы №2 орта мектеп
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"М.Құрманов атындағы №2 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
09
январь
2023

«Оқуға құштар мектеп» жобасы

2022 жылы 27-желтоқсан күні сағат 11.00- де Талдақорған қаласында «Жетісу» телеарнасы ғимаратында Жетісу облысының білім басқарамасы мен «Жетісу» облыстық газетінің ұйымдастыруымен «Оқуға құштар мектеп» жобасы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлытауда өткен Ұлттық кеңесте берген тапсырмасы жүзеге асыру барысында Бейсен Құранбек Абайұлы атындағы журналистер үйінде мәдени тағылымды шара өтті. «Мерейлі отбасы — 2022» байқауының Жетісу облысы бойынша жеңімпазы Андас әулеті «Оқуға құштар мектеп» жобасын қолға алды.
Жетісу облыстағы аудан-қаладан білімге құштар, өнерге бейім, ұлттық құндылыққа жаны жақын отыз оқушы мен олардың жетекшілері қатысып, өнерлерін көрсетті. «Газет сөзі мың күндік» атты облыстық іс-шараны облыстық «Жетісу» газетінің бас редакторының орынбасары, ақын Жұматай Әміреев жүргізіп, алдымен аталмыш шараның мән-мағынасын түсіндірді. Шара аясында Жетісу облыстық білім басқармасының бас маманы Руслан Арсыланов аталған жоба туралы Жетісу облысында қандай шаралардың атқарылып, нендей жетістіктерге жеткенін баяндаса, «Қазпошта» АҚ Алматы облыстық филиалының жетекшісі Айбол Таңжарбекұлы оқушыларға поштадан «Жетісу» газетіне бір жылға тегін жазылған түбіртегін табыс етті. Міне, бүгінде сол дәстүрді Андас әулеті жалғастырып, облыстың аудан-қаласынан 8-10- сынып аралығында оқитын отыз оқушыны «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында қарашаңырақ газетке жаздырып, демеушілік танытып отыр.
105 жыл! Ғасырдан ұзақ тарихы бар облыстық «Жетісу» газетінің қазақ руханияты үшін сіңірген еңбегі ерен. Жалғасы бар👉

»Парасат» орденінің иегері, «Алтын алқалы» ана Әуесхан Мажайқызы балалардың болашағына сәттілік тілесе, осы әулеттің ұлы, әріптесіміз Қажет Андас әулетінің құндылығы туралы айта келіп, тарихшы, айтыс және жазба ақын Андас Омарақынның «Тарих талғарында», «Дода», «Жылдар ізі» атты үш томдық еңбегі таныстырылып, оқушыларға сыйға берілді. Жетісу облыстық білім басқармасы мен Андас әулеті бірлесе отырып, алдағы жарты жылда «Оқуға құштар мектеп» жобасы негізінде жүргізілетін «Андас Омарақын оқуларының» ережесімен таныстырды.
Байқау Жетісу облыстық білім басқармасының жоспарына енгізіліп, келесі жылдың алғашқы жарты жылдығында өткізілмек. Қазылар алқасының шешімімен I, II, III дәрежелі орын алған үміткерлерге облыстық білім басқармасының Алғыс хаты мен Андас отбасы атынан қомақты ақшалай жүлде тағайындалады. Үш номинация бойынша І орын алған оқушылар оқитын мектепке Жетісу облыстық білім басқармасының «Оқуға құштар мектеп» атты көшпелі ту тапсырылады — деді ол.
Жетісу облыстық жоба «Андас Омарақын оқуларына» Көксу ауданы атынан Қ.Қ. Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы Қуатқызы Зере, З.Тамшыбай атындағы орта мектептің 10-сынып оқушысы Әшімжанұлы Бекарыс, «Медеубай Құрманов атындағы № 2 орта мектептің 10-сынып оқушысы Тілеуқазы Өрден қатысып жатыр

 

Похожие публикации:

14 декабрь 2022 Конкурс жеңімпазы
31 август 2022 Итоги конкурса
28 апрель 2017 Дефектолог
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив