Балаларға арналған ұлттық қор қалай жұмыс істейді? » Жетісу облысы Көксу ауданы М.Құрманов атындағы №2 орта мектеп
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"М.Құрманов атындағы №2 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Балаларға арналған ұлттық қор қалай жұмыс істейді?
24
декабрь
2022

Балаларға арналған ұлттық қор қалай жұмыс істейді?

💰👶🏻Балаларға арналған ұлттық қор қалай жұмыс істейді?

Президент айтқандай, әрбір отбасы еліміз пайдаланып жатқан ұлттық байлықтың игілігін көруі керек. Сондықтан биыл Қасым-Жомарт Тоқаев Балалар жылының аясында "Ұлттық қор – балаларға" атты мүлде жаңа бағдарламаны жүзеге асыруды тапсырды. Жобаның мақсаты – Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50 пайызын балалардың арнаулы жинақтаушы есепшотына аударып отыру. Қаржы әр бала 18 жасқа толғанға дейін аударылып тұрады. Оны мерзімінен бұрын есепшоттан шешіп алуға болмайды. Жинақталған қаржы балалар кәмелет жасына толғаннан кейін олардың баспана немесе білім алуына жұмсалатын болады.

"Бұл қаражат өскелең ұрпақтың үлкен өмірге қадам басуына мүмкіндік береді. Қор, шын мәнінде, ұлттық мәртебеге ие болып, халқымыздың игілігіне қызмет етеді. Бастаманы мұқият әзірлеу қажеттігін ескере отырып, жобаны 2024 жылғы 1 қаңтардан жүзеге асыра бастауды тапсырамын", – деді Мемлекет басшысы.

Ұлттық банктің inbusiness.kz-тің журналистік сауалына берген жауабына сүйенсек, жобаны жүзеге асыру тетіктері мен регламенті Үкімет пен Ұлттық банк бірлесе отырып пысықтағаннан кейін жария болмақ. Әзірше бұл жайында бірдеңе айту орынсыз. 

Дегенмен, жақында Ұлттық экономика вице-министрі Тимур Жақсылықов Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры балаларға арналған есепшоттардың операторы болатынын хабарлады. Сондай-ақ жинақталған қаражатты кәмелетке толғаннан кейін ғана пайдалануға мүмкіндік барын ескертті. Толығырақ

t.me/atamekenbusiness_qaz

 

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив