Оқу мақсатын жүзеге асыру. » Жетісу облысы Көксу ауданы М.Құрманов атындағы №2 орта мектеп
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"М.Құрманов атындағы №2 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
25
апрель
2023

Оқу мақсатын жүзеге асыру.

 Оқу мақсатын жүзеге асыру.

                    Жас мамандармен жұмыс /қыркүйек айы 2023 ж/

 

       Мектепте «Оқу мақсатына жетудегі саралау тәсілінің тиімділігі» тақырыбында   педагог-тәлімгер А.Джумагулова жас мамандармен  коучинг өткізді.

   Коучингтің мақсаты: «Оқу мақсатына сай саралау тәсілі арқылы тапсырмаларды тиімді пайдалану».  Коучингте сабақтың басты міндеті оқу мақсаттарын жүзеге асыру болып табыладығы және сабақ жоспары осы оқу мақсатының төңірегінде құрылатындығы туралы мұғалімдер талқылау сұрақтары арқылы ой бөлісті. Сараланған сабақ мақсаттары да, одан туындайтын бағалау критерийлері мен тапсырмалары да оқу мақсатын жүзеге асыру үшін жұмыс жасайтындығы негізінде  жұмыстар жүргізілді. Оқу бағдарламасында көзделген оқу мақсаттарына оқушылардың барлығы да жетуі  үшін мұғалімдер әдістермен танысып, сабақта қалай пайдалану қажеттігі туралы ой бөлісті. Сыныптағы оқушылардың барлығы бірдей білімді игере бермейді. Сондықтан да саралап оқыту идеясы аясында оқушылардың барлығына бірдей мақсат белгілемей, олардың танымдық деңгейлері бойынша түрлі мақсаттар қою бойынша тапсырмалар орындады. Оқытудағы «Саралау тәсілі» ұғымының негізін жоспарлау және оқыту барысында тапсырманы саралаудың маңыздылығы басым екендігін,саралаудың бұл тәсілі негізгі мазмұнды қамтитын түрлі тапсырмалар ойластыруды көздейтіндігі туралы ойларын ортаға салып, жұмыстар жүргізілді.

 

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив