Қамқоршылық кеңес » Жетісу облысы Көксу ауданы М.Құрманов атындағы №2 орта мектеп
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"М.Құрманов атындағы №2 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
09
октябрь
2018

Қамқоршылық кеңес

   М.Құрманов атындағы №2орта мектептің қамқоршылық кеңестің атқарған жұмысы туралы

ЕСЕБІ 

   Мектепте Қамқоршылық  кеңесі құрылған,іс-шара жоспары жасалып,жұмыстар жүргізілуде,бес адамнан құрамы бекітілген. 

  Жоспар бойынша қамқоршылық кеңесінің үш отырысы өткізіліп,күн тәртібіндегі жұмыстар талқыланып отырылды 

     Қамқорлық кеңес жұмысының мақсаты: біріңғай педагогикалық ұстаным негізінде оқыту мен тәрбие беруде педагогикалық ұжым мен қамқорлық кеңесі қарым – қатынасын ұйымдастыру, кешен оқу – тәрбие жұмысының материалдық-техникалық базасын нығайтуға көмектесу. 

   Жыл бойында қарастырылатын мәселелер мемлекеттің тәрбие беру іс – шарасына бірлесіп атқаруға ата – аналар қауымын тарту, олардың педагогикалық мәдениетін, білімін көтеру мектеп пен отбасында салауатты өмір салтын ұйымдастыруға ықпал жасау және балаларды әлеуметтік жағынан қорғау болуы. 

    Оқу жылының басынан  мектепте қамқоршылық кеңес жұмысы жалғастырылып, материалдық көмекке мұқтаж балаларды анықтау жұмысы жүргізілуде. 

      Кеңес мүшелері кешен бракираж комитетімен асханада айына бір рет рейдке қатысып, оқушыларды тамақтандыру және асхана жұмысының сапасын анықтау жұмысын жүргізді. 

   «Мектепке жол», «Қайырымдылық» қамқорлық акцияларына қатысып азқамтылған отбасы балаларына көмек көрсетуіне ықпал жасады.  

   Жалпыға бірдей білім беру қоры есебінен 87 балаға 445930 теңгеге мектепке қажетті киім- кешектер алынғаны  және  мектептің барлық  оқушылары тегін оқулықтармен қамтылғанын анықтау жұмысы жүргізілді.        Жалпыға бірдей білім беру қоры есебінен ыстық тамақпен 40 оқушы  және мектеп асханасын жалға алушы есебінен 50 баланы тегін ыстық тамақпен қамтылуда, «Алтын күз» жәрмеңкесін,  «Жаңа Жыл 2018»,«Наурыз» мерекесі кездерінде мектеп ұжымына қамқоршылық кеңес мүшелері ат салысып көмегін аяған жоқ. Оқушылардың жазғы демалысын дұрыс ұйымдастыру мәселесі бойынша ата-аналар тарапынан 57 баланы демалдыруға аудандық лагеріне көмек көрсетті. 

   2018-2019 оқу жылында да қамқоршылық кеңес қызметінің және оның сайлау тәртібінің үлгілік ережелерін бекіту туралы ережесін басшылыққа ала отырып,  кеңес мүшелері өз жұмыстарын одан әрі жалғастыруда. 

 

  

 Мектеп директоры                                      Н.Д.Алимбаланова 

 

   
   
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив