Буллинг (bullying) » Жетісу облысы Көксу ауданы М.Құрманов атындағы №2 орта мектеп
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"М.Құрманов атындағы №2 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
09
декабрь
2022

Буллинг (bullying)

Буллинг (bullying) – ағылшын тілінен аударғанда, қорлау, қудалау, мазалау дегенді білдіреді. Адам үйде, мектепте, автобуста немесе интернетте, жалпы айтатын болсақ, кез келген жерде буллингке ұшырауы мүмкін. Сонымен қатар бұл физикалық агрессияны ғана емес, психологиялық қысым, қорқыту, тартып алу, қорлау дегенді білдіреді. Буллинг жасаушы (оқушы) мұны күшпен де, сөзбен кемсіту арқылы да жасайды әрі бұл әрекетін жиі қайталауы мүмкін және әлсіз оқушыны қорлап, күтпеген жерден немесе ескерту арқылы шабуыл жасайтын адамды сипаттайды.
Дәл осы тақырып бойынша мектебімізде 2022 жылдың 8 желтоқсан күні полиция қызметкері Көксу АПБ ЖБҚБ ЮПТ инспекторы полиция капитаны А.Тасболатова мен Көксу АПБ ЖПҚБ ЮПТ УПИ полиция капитаны Ә.Әселбекова және мектебіміздің директоры Н.Алимбаланова ДТІЖО М.Абдраманова ,Д .Демеубаев Әлеуметтік педагогтарының қатысуымен 5-9 сынып оқушыларына түсіндірме жұмыс жүргізілді.
Оқушылар Балалардың бір-бірін кемсітуі неден басталады?
Балаңыздың қатарластары тарапынан буллингке ұшырағанын қалай байқауға болады?
Қысымға ұшыраған балаға қалай көмектесу қажет?
Буллингті қалай тоқтатуға болады?
Буллинг балаға қалай әсер етуі мүмкін?
Ата-ана баласының буллингке қатысы бар екенін, біреуге қысым жасап жүргенін білгенде не істеуі керек?
Буллинг тақырыбы бойынша қойылған сұрақтарына жауап алды.
Бұл кездесудің мақсаты : «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғау, білім беру, Ақпарат және ақпараттандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңнын іске асыру шеңберінде «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 46-26) тармақшасына сәйкес білім беру ұйымдарында жәбірлеудің (буллингтің) алдын алуды жүргізу, жәбірлеу (буллинг) фактілерін анықтау, жәбірлеуге (буллингке) ұшыраған балалармен жұмыс жүргізілді.
#ЖетісуОблысыМектепПарламенты
#РУМЦДО
#ӨзінөзіБасқару
@sherraisa
@rumcdo_official
@zhetysu_bilim_baskarmasy
@obl_zhetysu_centr
@koksu_bilim
@Балаларжылы2022

 

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив